User Guide - Windows 7
Амалдық жүйе үшін жаңартулар және басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан
жіберілгеннен кейін қол жетімді болуы мүмкін. Компьютерге қол жетімді барлық
жаңартулардың орнатылғанын тексеру үшін, осы нұсқауларды орындаңыз.
1. Компьютерді орнатқаннан кейін мүмкіндігінше тез Windows Update (Windows жаңарту)
бағдарламасын іске қосыңыз.
2. Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
3. Windows және басқа Microsoft бағдарламаларының жаңартуларын шығарылған кезде
Microsoft веб-торабы, сондай-ақ анықтама және қолдау орталығындағы жаңартулар
сілтемесі арқылы алыңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде әрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол
компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу
болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы
ақпаратты Компьютермен танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьютердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны
кілтпен жабыңыз
.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы
модельдерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзді
орнатып, содан соң HP SimplePass бағдарламалық құралын пайдаланып бір не бірнеше саусақ
ізін тіркеңіз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
63










