User Guide - Windows 7

8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (39-бет) қараңыз).
9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
10. Компьютерді қосыңыз.
Компьютерді тазалау
Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар
шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде).
Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық
Жұмсақ сабын қосылған су
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ
антистатикалық шүберек)
Антистатикалық шүберек майлықтар
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді
пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз,
спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің
өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде,
кір және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Компьютерді тазалау
69