User Guide - Windows 7
Арнайы файлдарын қалпына келтіру
Егер файлдар байқаусызда жойылған және оларды «Recycle Bin» (қоқыс кәрзеңкесі) ішінен
қалпына келтіру мүмкін болмаса немесе файлдар зақымданса, арнайы файлдарды қалпына
келтіру функциясын қолдануға болады. Арнайы файлдарды қалпына келтіру функциясы бұрын
бастапқы жүйені HP Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру таңдалған болса пайдалы
болады
. Бұрын сақтық көшірмесі жасалған тек арнайы файлдарды қалпына келтіре аласыз.
Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен
арнайы файлдарды қалпына келтіру
Windows жүйесі Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен
сақтық көшірмесі жасалған файлдарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе
және қауіпсіздік) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірме жасау
және қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сақтық көшірмені қалпына келтіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы
жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты «Анықтама және қолдау» бөлімінен
қараңыз
.
HP Recovery Manager көмегімен бастапқы жүйені қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді.
Мынаны білгеніңіз жөн
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен
дискіден қайта орнату қажет
.
●
Жүйені қалпына келтіруді компьютер мәселелерін шешудің ең соңғы әрекеті ретінде
пайдаланған жөн. Егер қалпына келтіру нүктелерін (Алдыңғы жүйені қалпына келтіру
нүктесіне қайтару (75-бет) бөлімін қараңыз) және жартылай қалпына келтіру (Арнайы
файлдарын қалпына келтіру (76-бет) бөлімін қараңыз) мүмкіндіктерін қолданып
көрмесеңіз, жүйені қалпына келтіру үшін, HP Recovery Manager құралын пайдаланбас
бұрын оларды сынап көріңіз.
●
Егер компьютердің қатты дискісінде ақаулық орын алса немесе компьютердің жұмыс істеу
мәселелерін шешу әрекеттері сәтті болмаса, жүйені қалпына келтіруді орындау қажет.
●
Қалпына келтіру дискілері жұмыс істемесе, жүйенің қалпына келтіру дискілерін HP веб-
торабынан алуға болады.
●
Minimized Image Recovery опциясын тек тәжірибелі пайдаланушыларға қолдану
ұсынылады. Барлық аппараттық құралдарға қатысты драйверлер және бағдарламалық
құралдар қайта орнатылады
, алайда бағдарламалық құралдар қалпына келтірілмейді.
Процесті аяқталғанға дейін тоқтатпаңыз, әйтпесе қалпына келтіру жүзеге аспайды.
76
11-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру










