User's Guide

Table Of Contents
2. Графикалық карта кабельдерінің екінші ұштарын мониторларға жалғаңыз.
3. Монитор қуат кабелінің бір ұшын мониторға жалғап, екінші ұшын жерге тұйықталатын
розеткаға қосыңыз.
4. Мониторды реттеңіз. Толық мәліметті Microsoft Help немесе http://www.microsoft.com
немесе Linux Help мекенжайынан не веб-тораптан алыңыз.
Үшінші тарап графикалық параметрлерді реттеу қызметтік
бағдарламасын пайдалану
Үшінші тарап графикалық карталарында монитор параметрлерін реттеу қызметтік
бағдарламасы болуы мүмкін. Орнатылған соң, бұл қызметтік бағдарлама Windows жүйесіне
бекітіледі. Бұл қызметтік бағдарламаны таңдап, жұмыс станциясына көптеген мониторлар
параметрлерін реттеуге болады.
Толық мәліметтерді графикалық картаңыздың құжатынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үшінші тарап параметрлерді реттеу қызметтік бағдарламалары
параметрлерді реттеу құралын пайдаланбас бұрын мониторларды Windows жүйесінде іске
қосуды талап етеді. Қосымша ақпаратты графикалық карта құжатынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Монитор параметрлерін реттеу қызметтік бағдарламаларын HP қолдау көрсету
веб-торабынан да табуға болады.
Монитор дисплейін реттеу (Windows)
Монитор моделін, жаңарту жиілігін, экран ажыратымдылығын, түс параметрлерін, қаріп
өлшемдерін және қуатты басқару параметрлерін таңдауға немесе өзгертуге болады.
Windows 7 жүйесінде дисплей параметрлерін өзгерту үшін, жұмыс үстеліндегі бос
аймақты тінтуірдің оқ жақ түймесімен басып
, экран ажыратылымдығы бөлімін басыңыз.
Windows 8 жүйесінде дисплей параметрлерін өзгерту үшін, «Бастау» экранының жоғарғы
оң немесе төменгі сол бұрышын көрсетіп, Параметрлер > Басқару тақтасы > Безендіру
және даралау > Экранның ажыратылымдығын теңшеу опциясын басыңыз.
Windows 8 жүйесінде дисплей параметрлерін «Бастау» экранының жоғарғы оң немесе
төменгі сол бұрышын көрсету арқылы Шебер түймелер мәзірін ашып, Іздеу > Параметрлер
опциясын таңдап, ажыратымдылықты Параметрлер іздеу өрісіне жазу және Экранның
ажыратылымдығын теңшеу опциясын басу арқылы да өзгерте аласыз.
Дисплей параметрлерін реттеу туралы қосымша ақпаратты қараңыз:
Графикаларды басқарушы қызметтік бағдарламасымен берілген электрондық құжаттама
Құжаттама монитормен бірге беріледі
Қосымша құрамдас бөлшектерді орнату
Жұмыс станциясының үлгісіне қарай, жұмыс станциясына қосымша құрамдас бөлшектерді (жад,
қатты дисктер, оптикалық дисктер, PCIe карталары немесе екінші процессор сияқты) орнатуға
болады.
16
3-тарау Жұмыс станциясы параметрлерін орнату