User's Guide
Table Of Contents
- HP дерек көздерін табу
- Жұмыс станциясы мүмкіндіктері
- Жұмыс станциясы параметрлерін орнату
- Дұрыс желдету қамтамасыз ету
- Параметр орнату процедуралары
- Мониторлар қосу
- Қосымша мониторлар жалғауды жоспарлау
- Қолдау көрсетілетін графикалық карталарды табу
- Графикалық карталарды монитор қосқыштарына сәйкестендіру
- Мониторды қосу талаптарын анықтау
- Мониторларды реттеу және қосу
- Үшінші тарап графикалық параметрлерді реттеу қызметтік бағдарламасын пайдалану
- Монитор дисплейін реттеу (Windows)
- Қосымша құрамдас бөлшектерді орнату
- Қауіпсіздік
- Өнімді қайта өңдеу
- Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу
- Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 жүйесін жөндеу
- Linux жүйесін орнату және қалпына келтіру
- Жұмыс станциясын жаңарту
- Диагностика және жеңіл ақаулықтарды жою
- Күнделікті күтім

Жүйе орнатылғаннан кейін, бастапқы сақтық көшіруді дереу жасауыңыз қажет. Жаңа
бағдарлама мен деректер файлдарын қосқаннан кейін, орынды сақтық көшіруді қамтамасыз ету
үшін жүйені әдепкі негізде сақтық көшіруді жалғастыруыңыз тиіс. Бастапқы және одан кейін
жасалған сақтық көшірмелер ақаулық болған жағдайда деректер мен параметрлерді қалпына
келтіруге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Көптеген сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру опциялары туралы толық
нұсқаулар алу үшін, осы тақырыптарды Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) бөлімінен
іздеңіз. Анықтама және Қолдау бөлімін ашу үшін: Пуск (бастау) түймешігін басып, содан кейін
Анықтама және қолдау белгішесін басыңыз.
Деректеріңіздің сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты дискке, желі драйверіне немесе
дискілерге сақтауға болады.
Ақпаратыңызыдң сақтық көшірмесін жасау барысында мыналарды ескеріңіз:
●
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасы бөліміне сақтап, олардың сақтық көшірмелерін
тұрақты түрде жасап тұрыңыз.
●
Қатысты бағдарламаларда сақталған үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
●
Параметрлердің экрандағы суреттерін түсіріп алу арқылы терезеде, құралдар тақтасында
немесе мәзірлер тақтасында көрінетін теңшелген параметрлерді сақтаңыз. Экран суретін
түсіру теңшелімдерді қалпына келтіру керек болған жағдайда уақытыңызды үнемдейді
.
●
Дискілерге сақтағанда, дискіні ұядан шығарған соң, әр дисікін нөмірлеңіз.
Windows Backup and Restore (Windows сақтық көшірме және қалпына келтіру) арқылы сақтық
көшірме жасау
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау бір сағаттан астам уақыт алуы мүмкін, ол файл көлемі мен
жұмыс бекеті жылдамдығына байланысты.
1. Іске қосу > Барлық бағдарламалар > Қызмет көрсету > Сақтық көшіру және қалпына
келтіру
пәрменін таңдаңыз.
2. Сақтық көшірме жасау бағдарламасын орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындап
орнатыңыз.
Жүйені қалпына келтіру
Егер жұмыс бекетінде орнатылған бағдарламаға байланысты ақау пайда болса, жұмыс бекетін
алдыңғы қалпына келтіру нүктесіне қайтару үшін жүйені қалпына келтіру функциясын
пайдаланыңыз. Қалпына келтіру нүктелерін қолмен орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану алдында әрқашан осы Жүйені
қалпына келтіру процедурасын орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіре бастау үшін:
1. Ашық тұрған барлық бағдарламаны жабыңыз.
2. Пуск (бастау), Компьютер, одан кейін Свойства (Ерекшеліктері) тармақтарын таңдаңыз.
3. Защита системы (жүйені қорғау > Восстановление системы (жүйені қалпына келтіру >
Далее (келесі) тармақтарын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
20
4-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу