User's Guide
Table Of Contents
- HP дерек көздерін табу
- Жұмыс станциясы мүмкіндіктері
- Жұмыс станциясы параметрлерін орнату
- Дұрыс желдету қамтамасыз ету
- Параметр орнату процедуралары
- Мониторлар қосу
- Қосымша мониторлар жалғауды жоспарлау
- Қолдау көрсетілетін графикалық карталарды табу
- Графикалық карталарды монитор қосқыштарына сәйкестендіру
- Мониторды қосу талаптарын анықтау
- Мониторларды реттеу және қосу
- Үшінші тарап графикалық параметрлерді реттеу қызметтік бағдарламасын пайдалану
- Монитор дисплейін реттеу (Windows)
- Қосымша құрамдас бөлшектерді орнату
- Қауіпсіздік
- Өнімді қайта өңдеу
- Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу
- Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 жүйесін жөндеу
- Linux жүйесін орнату және қалпына келтіру
- Жұмыс станциясын жаңарту
- Диагностика және жеңіл ақаулықтарды жою
- Күнделікті күтім

HP қалпына келтіру дискі амалдық жүйе дискілерін қолдану
ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискін пайдалану қатты дискідегі файлдарды
толығымен жояды және қатты дискінің пішімін өзгертеді. Сіздің жұмыс бекеті құрылған және
кез-келген орнатылған файлдар біржола жойылады. Қайта пішімдеу аяқталған кезде, қалпына
келтіру процесі амалдық жүйені, сонымен қатар түпнұсқа драйверлерді қалпына келтіруге
көмектеседі
. Жүйемен берілген бағдарламалық құралды http://www.hp.com мекенжайынан
жүктеуге болады.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD және драйвер DVD дискілеріне тапсырыс берсеңіз, осы
бөлімде берілген қадамдарды пайдаланыңыз
.
Windows 7 амалдық жйүесінің DVD-і мен драйвер DVD-не тапсырыс беру үшін, HP веб-сайтын
қараңыз. АҚШ-та көмек алу үшін мына сайтты қараңыз: http://www.hp.com/cgi-bin/hpsupport/
index.pl. Әлем бойынша көмек алу үшін, мына сайтты қараңыз: http://www8.hp.com/us/en/contact-
hp/ww-contact-us.html. DVD дискісіне телефон арқылы да тапсырыс беруге болады.
Қалпына келтіруді Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі арқылы бастау үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру бірнеше минут алады.
1. Барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Жұмыс бекетін қайта бастаңыз, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискін оптикалық
драйвқа салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер жұмыс бекеті DVD дискін ашпаса, жұмыс бекетін қайта бастап, жұмыс
бекеті қосылып жатқанда, Esc пәрменін басыңыз. Іске қосу мәзірін таңдау үшін көрсеткі
пернелерін пайдаланып, еnter пернесін басыңыз. Сол құралдан қосу үшін, қалпына келтіру
DVD дискі салынған жерді көрсеткі пернелерін пайдаланып таңдаңыз. DVD дискін UEFI
қосу көздері арқылы ашу нәтижесінде GPT қосу бөлігі пайда болады. Мирастық қосу
көздері арлықы ашу нәтижесінде MBR қосу бөлігі пайда болады.
3. Сұралған кезде пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Операциялық жүйені орнату аяқталған соң:
1. Windows 7 операциялық жүйесінің DVD дискісін шығарып алыңыз және жүйе операциялық
жүйесіне бірінші рет жүктелген кезде драйвердің DVD дискісін салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Драйвер DVD дискісі шартты бағдарламаны жүктейді, содан кейін
драйверлерді жүктеу мүмкіндігін ұсынады.
2. Құрылғыны қосатын драйверлерді орнатыңыз. HP қол жетімді драйверлердің барлығын
орнатуға кеңес береді.
3. Жұмыс бекетімен берілген қолданбаларды http://www.hp.com мекенжайынан жүктей
аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру құралын пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін “HP Z420,
Z620 және Z820 үлгілеріндегі Windows 7 операциялық жүйесін қалпына келтіру: HP ОЖ DVD
дискісін және драйвердің DVD дискісін пайдалану” құжатын қараңыз. Бұл құжатты
http://www.hp.com/support ішінде табуға болады.
22
4-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу