User's Guide

Table Of Contents
5
Орнату, сақтық көшірме жасау,
қалпына келтіру және Windows 8
жүйесін жөндеу
Бұл тарау Windows 8 операциялық жүйесін орнату және жаңарту туралы ақпарат береді. Ол
мына тақырыптарды қамтиды:
Тақырыптар
Windows 8 операциялық жүйесін орнату (23-бет)
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows
8 жүйесін жөндеу (24-бет)
ЕСКЕРТУ: Операциялық жүйесін орнату сәтті аяқталғанша компьютерге қосымша
құрылғыларды немесе үшінші тарап құрылғыларын қоспаңыз. Құрылғы қосу қателер тудыруы
және операциялық жүйесінің дұрыс орнатылуына кедергі келтіруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс бекетіне амалдық жүйені орнатқан соң, BIOS жүйесінің, драйверлердің
және бағдарламалардың ең соңғы нұсқалары орнатылғанын тексеріңіз. Жұмыс станциясын
жаңарту туралы тарауды қараңыз.
Қосымша ақпарат
Қосымша мәліметтер амалдық жүйені орнатқаннан кейін Анықтама және қолдау арқылы қол
жетімді болады.
Windows 8 операциялық жүйесін орнату
Компьютерді бірінші рет іске қосқан кезде, операциялық жүйені теңшей аласыз. Интернетке
қосылғанда
, Microsoft операциялық жүйеңізді іске қосады. Бұл процесс 15-30 минут алуы
мүмкін. Экрандағы нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Компьютеріңізді HP торабында тіркеуді ұсынамыз, сонда сізге маңызды жаңартуларды, қолдау
сұрақтарын алып отыруға және арнайы ұсыныстарға жазылуға болады. Компьютеріңізді HP
торабында тіркеу үшін «Бастау» экранындағы Register with HP (HP торабында тіркелу)
опциясын пайдалануға болады.
ЕСКЕРТУ: Бастапқы орнату процесі басталған соң, ПРОЦЕСС АЯҚТАЛҒАНША КОМПЬЮТЕРДІ
ӨШІРМЕҢІЗ. Бұл процесс барысында компьютерді өшіру компьютерде орындалып жатқан
бағдарламаларды зақымдауы немесе орнатуды дұрыс орындауға кедергі жасауы мүмкін.
Қосымша ақпарат
23