User's Guide
Table Of Contents
- HP дерек көздерін табу
- Жұмыс станциясы мүмкіндіктері
- Жұмыс станциясы параметрлерін орнату
- Дұрыс желдету қамтамасыз ету
- Параметр орнату процедуралары
- Мониторлар қосу
- Қосымша мониторлар жалғауды жоспарлау
- Қолдау көрсетілетін графикалық карталарды табу
- Графикалық карталарды монитор қосқыштарына сәйкестендіру
- Мониторды қосу талаптарын анықтау
- Мониторларды реттеу және қосу
- Үшінші тарап графикалық параметрлерді реттеу қызметтік бағдарламасын пайдалану
- Монитор дисплейін реттеу (Windows)
- Қосымша құрамдас бөлшектерді орнату
- Қауіпсіздік
- Өнімді қайта өңдеу
- Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу
- Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 жүйесін жөндеу
- Linux жүйесін орнату және қалпына келтіру
- Жұмыс станциясын жаңарту
- Диагностика және жеңіл ақаулықтарды жою
- Күнделікті күтім

ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде компьютер қауіпсіздігін жақсартуға арналған User Account
Control (Пайдаланушы тіркелгісін басқару) мүмкіндігі бар. Кейбір тапсырмаларды орындағанда,
пайдаланушы тіреклімін басқарушы сізден рұқсат немесе кұпия сөз талап етуі мүмкін.
Тапсырманы жалғастыру үшін, қажетті опцияны таңдаңыз. Пайдаланушы тіркелімін басқарушы
туралы толығырақ Анықтама және қолдау бөлімінен қараңыз
. Пуск (бастау) түймешігін басып,
содан кейін Анықтама және қолдау белгішесін басыңыз.
Windows 8 жаңартуларын қотару
Microsoft корпорациясы операциялық жүйе жаңартуларын шығаруы мүмкін. Компьютер
жұмысын оңтайлы күйде сақтау үшін HP компаниясы бастапқы орнату барысында және
компьютер жарамдылығының соңына дейін ең соңғы жаңартуларды кезеңді түрде тексеріп
отыруды ұсынады.
Компьютерді орнатқан соң бірден Windows жаңарту бағдарламасын іске қосыңыз.
1. Бастау экранының жоғарғы оң немесе төменгі оң бұрышына жылжып, шебер түймелерді
көрсетіңіз.
2. Параметрлер > ДК параметрлерін өзгерту > Windows Update (Windows жаңарту
орталығы) опциясын таңдаңыз.
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows
8 жүйесін жөндеу
Компьютеріңізде HP және Windows компаниясы жабдықтаған ақпаратыңызды қорғайтын және
қажет кезінде алып шығуға болатын аспаптар мен жұмыс жүйесі бар. Бұл аспаптардың
қарапайым қадамдары арқылы компьютерді қалыпты жұмыс күйіне
, тіпті зауыттағы түпнұсқа
күйіне қайтаруға болады.
Бұл тарауда төмендегі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіретін медиа жасау және сақтық көшірмесін жасау
●
Жүйені жөндеу және қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Жабдықталған аспаптар туралы қосымша ақпаратты анықтама және қолдау
бөлімінен қараңыз. Бастау экранында сәрпін жазыңыз, одан кейін Справка и помощь (анықтама
және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
Жүйе жұмысы тұрақсыз болған жағдайда, HP сізге қалпына келтіру қадамдарын басып
шығарып, кейін пайдалану үшін сақтап қоюға кеңес береді.
Мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде компьютер қауіпсіздігін жақсартуға арналған User Account
Control (Пайдаланушы тіркелгісін басқару) мүмкіндігі бар. Кейбір тапсырмаларды орындағанда,
пайдаланушы тіреклімін басқарушы сізден рұқсат немесе кұпия сөз талап етуі мүмкін.
Тапсырманы жалғастыру үшін, қажетті опцияны таңдаңыз. Пайдаланушы тіркелімін басқарушы
туралы толығырақ Анықтама және қолдау бөлімінен қараңыз
. Пуск (бастау) түймешігін басып,
содан кейін Анықтама және қолдау белгішесін басыңыз.
Жүйе зақымдалғаннан кейінгі қалпына келтірілген мәліметтер соңғы сақтық көшірме жасау
алдындағы күйінде болады. Бастапқы жүйелік параметрлерді орнатқаннан кейін дереу жүйені
қалпына келтіру ақпарат тасығышын жасауыңыз керек. Жаңа бағдарлама мен деректер
файлдарын қосқаннан кейін, орынды сақтық көшіруді қамтамасыз ету үшін жүйені әдепкі
24
5-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 жүйесін жөндеу