User's Guide
Table Of Contents
- HP дерек көздерін табу
- Жұмыс станциясы мүмкіндіктері
- Жұмыс станциясы параметрлерін орнату
- Дұрыс желдету қамтамасыз ету
- Параметр орнату процедуралары
- Мониторлар қосу
- Қосымша мониторлар жалғауды жоспарлау
- Қолдау көрсетілетін графикалық карталарды табу
- Графикалық карталарды монитор қосқыштарына сәйкестендіру
- Мониторды қосу талаптарын анықтау
- Мониторларды реттеу және қосу
- Үшінші тарап графикалық параметрлерді реттеу қызметтік бағдарламасын пайдалану
- Монитор дисплейін реттеу (Windows)
- Қосымша құрамдас бөлшектерді орнату
- Қауіпсіздік
- Өнімді қайта өңдеу
- Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу
- Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 жүйесін жөндеу
- Linux жүйесін орнату және қалпына келтіру
- Жұмыс станциясын жаңарту
- Диагностика және жеңіл ақаулықтарды жою
- Күнделікті күтім

АҚШ-та қызмет көрсету туралы http://www.hp.com/support тарауын қараңыз. Әлем бойынша
көмек көрсету туралы мына сайттан қараңыз: http://www8.hp.com/us/en/contact-hp/ww-contact-
us.html. Ақпарат тасушыға қоңырау арқылы қолдау қызметі арқылы да тапсырыс бере аласыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 8 амалдық жүйесі медиасын пайдалану қатты дисктегі файлдарды
толығымен жояды және қатты дисктің пішімін өзгертеді. Сіздің компьютеріңізде құрылған және
кез-келген орнатылған файлдар біржола жойылады. Қайта пішімдеу аяқталған кезде, қалпына
келтіру процесі операциялық жүйені, сонымен қатар драйверлерді, бағдарламалық құралдарды
және қызметтік бағдарламаларды қалпына келтіруге көмектеседі
.
Қалпына келтіруді Windows 8 амалдық жүйесінің дискісі арқылы бастау үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Амалдақы жүйе дискісін жүктеу үшін бірнеше минут қажет болады.
1. Жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосып, операциялық жүйені орнату үшін Windows 8 операциялық
жүйесі ақпарат тасушысымен берілген нұсқауларды орындаңыз.
3. Сұралған кезде пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер DVD дискін ашпаса, компьютерді қайта бастап, компьютер
қосылып жатқанда, esc пәрменін басыңыз. Іске қосу мәзірін таңдау үшін көрсеткі
пернелерін пайдаланып, еnter пернесін басыңыз. Сол құралдан қосу үшін, қалпына келтіру
DVD дискі салынған жерді көрсеткі пернелерін пайдаланып таңдаңыз. DVD дискін UEFI
қосу көздері арқылы ашу нәтижесінде GPT қосу бөлігі пайда болады. Мирастық қосу
көздері арлықы ашу нәтижесінде MBR қосу бөлігі пайда болады. Windows 8 жүйесінің
барлық функцияларын қолдану үшін, Windows 8 жүйесін UEFI қосу көздері арқылы
бастаған дұрыс.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жөндеу аяқталып, Windows 8 жұмыс үстелі көрінгенде:
1. Windows 8 амалдық жүйесі медиасын алып, драйвер дискін енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Драйвер дискісі шартты бағдарламаны жүктейді, содан кейін драйверлер
мен қолданбаларды жүктеу мүмкіндігін ұсынады.
2. Алдымен құрылғыны іске қосу драйверлерін орнатып, сосын ұсынылған бағдарламаларды
орнатыңыз.
3. Қалауыңызға қарай, ұсынылған қолданбаладры орнатып алыңыз. http://www.hp.com арқылы
қол жетімсіз қолданбалар ғана драйвер дискісінде берілген.
30
5-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 жүйесін жөндеу