User's Guide
Table Of Contents
- HP дерек көздерін табу
- Жұмыс станциясы мүмкіндіктері
- Жұмыс станциясы параметрлерін орнату
- Дұрыс желдету қамтамасыз ету
- Параметр орнату процедуралары
- Мониторлар қосу
- Қосымша мониторлар жалғауды жоспарлау
- Қолдау көрсетілетін графикалық карталарды табу
- Графикалық карталарды монитор қосқыштарына сәйкестендіру
- Мониторды қосу талаптарын анықтау
- Мониторларды реттеу және қосу
- Үшінші тарап графикалық параметрлерді реттеу қызметтік бағдарламасын пайдалану
- Монитор дисплейін реттеу (Windows)
- Қосымша құрамдас бөлшектерді орнату
- Қауіпсіздік
- Өнімді қайта өңдеу
- Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу
- Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 жүйесін жөндеу
- Linux жүйесін орнату және қалпына келтіру
- Жұмыс станциясын жаңарту
- Диагностика және жеңіл ақаулықтарды жою
- Күнделікті күтім

7
Жұмыс станциясын жаңарту
HP жұмыс станциясының сапасын арттыру жолында тынбай қызмет етеді. Жұмыс станцияңыз
ең соңғы жаңартуларды қолдануы үшін, HP сізге соңғы базалық кіріс-шығыс жүйесін, драйверді
және бағдарлама жаңартуларын әрқашан орнатып отыруға кеңес береді.
Жұмыс станциясын алғаш қосқаннан кейінгі жаңарту
Жұмыс станциясын алғаш рет сәтті бастағаннан кейін, оны жаңарту үшін мына қадамдарды
орындаңыз
:
●
Базалық кіріс-шығыс жүйесінің соңғы нұсқасы қолданылғанын тексеріңіз. Базалық кіріс-
шығыс жүйесін жаңарту (35-бет) тармағын қараңыз.
●
Драйверлердің соңғы нұсқасы қолданылғанын тексеріңіз. Құрылғы драйверлерін жаңарту
(36-бет) тармағын қараңыз.
●
HP дерек көздерімен таныс болыңыз.
●
Драйвер ескертулеріне мына жерден жазылуға болады: http://www.hp.com/go/
subscriberschoice.
Базалық кіріс-шығыс жүйесін жаңарту
Жұмысы сапалы болу үшін жұмыс станциясындағы кіріс-шығыс жүйесін анықтап, қажет болса
жаңартыңыз.
Ағымдағы базалық кіріс-шығыс жүйесінің нұсқасын анықтау
Ағымдағы базалық кіріс-шығыс жүйесінің нұсқасын анықтау үшін:
1. Компьютерді қайта іске қосып, компания логотипі көрінген кезде esc пернесін басыңыз.
Компьютердің бастау мәзірі көрсетіледі.
2. Компьютердің параметрлерін орнату бағдарламасына (f10) ену үшін F10 түймесін басыңыз.
3. Файл > жүйе туралы ақпарат тармақтарын таңдаңыз. Жұмыс станциясының базалық кіріс-
шығыс жүйесінің нұсқасын жазып алып, HP веб-торабында пайда болатын нұсқаларымен
салыстырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің (f10) орнату бағдарламасындағы BIOS мәзірінің параметрлері
мен оны жаңарту қадамдарын Күту және қызмет көрсету нұсқаулығы бөлімінен келесі
веб-сайт арқылы қараңыз: http://www.hp.com/support/workstation_manuals.
Базалық кіріс-шығыс жүйесін жаңарту
Базалық кіріс-шығыс жүйесінің құрамында соңғы жаңартулар бар соңғы нұсқасын табу және
жүктеу үшін:
1. http://www.hp.com/go/workstationsupport бөлімін қараңыз.
2. Мәзір бағанасындағы тапсырмалардан драйверлер мен бағдарламаларды жүктеу
тармағын таңдаңыз.
Жұмыс станциясын алғаш қосқаннан кейінгі жаңарту
35