User's Guide

Table Of Contents
Пернетақтаны тазалау
Алдымен пернтақтаны суырыңыз.
Компьютерді тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Қолдану және қызмет көрсету
нұсқаулығындағы қауіпсіздік ескертулерін орындаңыз.
Пернелер астындағы немесе арасындағы жарқыншақтарды шаң сорғышпен немесе қағып
түсіруге болады.
Пернелер астындағы жарқыншақтарды тығыздалған ауамен де тазалауға болады. Абайлап
қолданыңыз
, себебі ауа ағыны кең пернелер астындағы майларды ала кетуі мүмкін.
Егер пернені алсаңыз, пернені бүлдіріп алмас үшін, арнаулы перне алатын құралды
қолданыңыз. Бұл құралды көптеген электрондық жабдықтар сататын дүкендерден табуға
болады.
ЕСКЕРТУ: Пернетақтадан кең пернелерді (бос орын пернесі сияқты) алмаңыз. Егер бұл
пернелер дұрыс алынбаса немесе орнатылмаса, пернетақта дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Перненің астын осы нұсқаулықтың Тазалғашы заттар (42-бет) бөлімінде көрсетілген
өнімдердің бірімен суланған щеткамен тазалаңыз. Перне жұмысына қажетті майларды
қоса сүртіп тастамаңыз. Бөлшектерін орнына құрғатып салыңыз.
Қуыстарындағы шаң мен жүнді алу үшін қысқыш қолданыңыз.
Мониторды тазалау
Компьютерді тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Қолдану және қызмет көрсету
нұсқаулығындағы қауіпсіздік ескертулерін орындаңыз.
Дисплейді жұмсақ, түскіз жоқ, спиртсіз әйнек тазалау сұйығымен дымқылданған
шүберекпен абайлап сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Шашқыштар мен аэрозольді экранға тікелей шашпаңыз—сұйық ішіне еніп
кетсе, бөлшектерін бүлдіруі мүмкін.
Еріткіштер немесе тез жалындайтын сұйықтарды мониторды тазалауға қолданбаңыз,
дисплейі мен ішкі бөлшектерін бүлдіруі мүмкін.
Тінтуірді тазалау
1. Компьютерді тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Қолдану және қызмет көрсету
нұсқаулығындағы қауіпсіздік ескертулерін орындаңыз.
2. Тінтуір қосылып тұрса, суырыңыз.
3. Тінтуірді спиртсіз әйнек тазалау сұйығымен немесе сабынды сумен дымқылданған жұмсақ
микроталшықты шүберекпен немесе күдерімен сүртіңіз.
4. Егер тінтуірдің:
Лазері немесе жарықдиодты шамы болса: тазалайтын сұйықпен ылғалданған мақталы
таяқшаны қолданып, лазер мен жарықдиодты шамның айналасындағы шаңды сүртіп
Пернетақтаны тазалау
43