User Guide - Windows 8
esc пернесін басыңыз, одан кейін f9 пернесін басыңыз. f9 пернесі басылғанда, ағымдағы жүктеу
құрылғыларды көрсететін мəзір ашылады жəне жүктеу құрылғысын таңдауға мүмкіндік беріледі.
Немесе MultiBoot Express құралын компьютер қосылған не қайта басталған сайын компьютерде
жүктеу құрылғысының орналасуы сұралатындай етіп орнатуға болады.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау
MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады:
●
Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу
ретін өзгерту арқылы орнату үшін.
●
Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басу арқылы жүктеу
ретін динамикалық түрде таңдап, Boot Device Options (Құрылғыларды жүктеу мүмкіндіктері)
мəзірін ашуға f9 пернесін басу үшін.
●
Айнымалы
жүктеу реттерін орнатуға MultiBoot Express құралын пайдалану үшін.
Компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын жүктеу құрылғысы сұралады.
Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын
пайдаланылатын жүктеу ретін орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының жəне
көрсеткі пернелердің көмегімен Advanced (Қосымша) > Boot
Options (Жүктеу опциялары) > UEFI Boot Order for UEFI Hybrid or UEFI Native Boot Mode
(Гибридтік UEFI немесе UEFI стандартты жүктеу режимі үшін UEFI жүктеу реті)
тармақтарын таңдаңыз немесе Advanced (Қосымша) > Boot Options (Жүктеу опциялары)
> Legacy Boot Order for Legacy Boot Mode (Əдетті жүктеу режимі үшін əдетті жүктеу реті)
пəрмендерін таңдап, enter пернесін басыңыз.
4. Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде жоғарыға жылжыту үшін
, меңзегіш құрылғыны немесе
жоғары көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе + пернесін басыңыз.
– немесе –
Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе
төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе - пернесін басыңыз.
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің
көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
90 Бап 12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)










