User Guide - Windows 8

Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға
болады:
Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс
пернесі (осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады)
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз
құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз
байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса
, кем дегенде бір сымсыз құрылғы
қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары жанып тұрады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға,
сымсыз желілерді басқаруға жəне желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік
береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Бастау экранында n əрпін жазыңыз, одан кейін Параметры (Параметрлер) пəрменін
таңдаңыз.
2. Іздеу жолағына сеть и общий доступ (желі жəне ортақ кіру) деп теріңіз
де, Центр
управления сетями и общим доступом (Желі жəне ортақтасу орталығы) тармағын
таңдаңыз.
Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant
бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін
таңдаңыз.
WLAN құрылғысын қолдану
WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы
байланыстырылған басқа компьютерлерден жəне қосалқы құралдардан құрылған сымсыз
жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады.
Сымсыз желіге қосылу 17