User Guide - Windows 8
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның
қимылдары жəне меңзегіш
құрылғылар арқылы шарлау
Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын
компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде)
қолдануға болады.
Компьютермен бірге жеткізілген Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз. Нұсқаулықта
сенсорлы тақтамен, сенсорлы экранмен немесе пернетақтамен жиі орындалатын тапсырмалар
туралы ақпарат берілген.
Кейбір
компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы
əрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы
пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына өту үшін:
●
Бастау экранында мышь (тінтуір) деп теріп, Параметры (Параметрлер) жəне Мышь
(Тінтуір) пəрмендерін таңдаңыз.
Меңзеу таяқшасын қолдану
Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң жəне сол жақ
түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң жəне сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
22 Бап 4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау










