User Guide - Windows 8
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет
жылдам түртіңіз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта немесе сенсорлы экран (тек таңдаулы үлгілерде) меңзер əрекеттерін
саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды дисплей немесе сенсорлы тақтада
жəне олардың екеуінде пайдалана аласыз.
Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін
сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
1. Бастау экранында мышь (тінтуір) деп теріп, Параметры (Параметрлер) пəрменін басып,
бағдарламалар тізімінен Мышь (Тінтуір) тармағын таңдаңыз.
2. Параметры устройства (Құрылғы параметрлері) қойындысын басып, көрсетілген
терезеде құрылғыны таңдаңыз да, Параметры (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Көрсетілімді бастау үшін, қимылды басыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 23










