User Guide - Windows 8

Шымшу/масштабтау
Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге
мүмкіндік береді.
Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жан-
жаққа жылжытыңыз.
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың
арасын жақындатыңыз.
Жиектерді сипау (тек таңдаулы үлгілерде)
Жиектерді сипау қимылы параметрлерді өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе
пайдалану сияқты тапсырмаларды орындауға компьютердегі құралдар тақталарына қатынауға
мүмкіндік береді. Бұл мүмкінді компьютеріңізде жұмыс істеуі мүмкін, бірақ оны Windows
параметрлері арқылы қосу қажет.
Оң жақ жиекті сипау
Оң жақ жиекті сипау қимылы шебер түймелерге қатынауға мүмкіндік береді. Бұл түймелер
іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларға қатынау немесе
параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды.
Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен сырғытыңыз.
26 Бап 4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау