User Guide - Windows 8

Intel Smart Connect технологиясы арқылы
бағдарламалық құралдың мазмұнын жаңарту
Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқы
күйін тұрақты түрде өшіріп тұрады. Желі қосылысы қолжетімді болса, Smart Connect құралы
электрондық поштаның кіріс жəшіктері, əлеуметтік желі сайттары мен жаңалықтар беттері
сияқты ашық тұрған қолданбаларды жаңартады жəне компьютерде ұйқы күйі қосылады. Smart
Connect құралы электрондық пошта сияқты желіден дербес жасалған мазмұнды да
қадамдастырады. Компьютер ұйқы күйінен шыққанда,
жаңартылған ақпаратты дереу
пайдалана аласыз.
Бұл мүмкіндікті қосу немесе параметрлерді қолмен реттеу үшін, бастау экранында smart
(смарт) деп теріп, Intel(R) Smart Connect Technology (Intel Smart Connect технологиясы)
құралын таңдаңыз.
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Ұйқылық күй зауытта іске қосылады.
Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа
сақталады.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
жад картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды
немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға
болады:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Меңзерді бастау экранының жоғарғы немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз.
Шебер түймелердің тізімі ашылғаннан кейін, Параметры (Параметрлер) тармағын таңдап,
Питание (Қуат) белгішесін басыңыз жəне Спящий (Ұйқылық) пəрменін таңдаңыз.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат
түймешігін басып қалыңыз.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
компьютерде жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Intel Smart Connect технологиясы арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаңарту 39