User Guide - Windows 8

7 Сыртқы карталар мен құрылғылар
Жад картасын оқу құралын пайдалану
Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған
камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталары пішімдерін анықтау үшін,
Компьютермен
танысу 4-бетте бөлімін қараңыз
Жад картасын енгізу
ЕСКЕРТУ: Жад картасы қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, жад картасын күштеп
енгізбеңіз.
1. Жад картасының белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Құрылғы анықталғанда дыбыс естіледі жəне параметрлер мəзірі көрінуі мүмкін.
48 Бап 7 Сыртқы карталар мен құрылғылар