User Guide - Windows 8

Жад картасын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында жад
картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Мəліметтеріңізді сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан жабдықты шығару белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жад картасы шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
Смарт карталарды қолдану
ЕСКЕРІМ: Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі
түрін білдіреді.
Смарт картажад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі
қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті жəне шығысты
басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын
қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. Өндірісте қолданылатын смарт карталар оқу құралдарымен (тек
таңдаулы үлгілерде) бірге пайдаланылады.
PIN коды микрочип мазмұнына кіру рұқсатын алуға керек. Смарт
карталардың қауіпсіздік
мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP
Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant
белгішесін таңдаңыз.
Смарт карталарды қолдану 49