User Guide - Windows 8

2. Қатты дискті бекіту үшін оның 4 бұрандасын (2) орнына салыңыз.
3. Батареяның өзін (Батареяны салу жəне шығарып алу 43-бетте бөлімін қараңыз) жəне
қызмет көрсету үшін ашатын есікті (
Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу немесе қайта
қою 54-бетте бөлімін қараңыз) орнына салыңыз.
4. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған
қайта қосыңыз.
5. Компьютерді қосыңыз.
Жадты қосу немесе ауыстыру
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютердің екі жад модулі ұясы бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы
ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
58 Бап 8 Дискілер