User Guide - Windows 8

Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану
HP драйвын шифрлау бағдарламасы
Windows қорғағышы
Computer Setup параметрлеріне жəне жүйенің басқа
идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен
бірге пайдаланылады)
*Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына
негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала
орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін,
көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа
кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін.
Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows
жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
Орнату құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады
жəне жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Қалыпты HP ProtectTools мүмкіндіктеріне қоса BIOS құпия сөзі
арқылы қорғау қамтамасыз
ету үшін, HP ProtectTools қауіпсіздік басқарушысының құпия сөзі болып табылатын
енгізілген қауіпсіздік құпия сөзін Computer Setup құралы арқылы іске қосуға болады.
Енгізілген қауіпсіздік құпия сөзі енгізілген қосымша қауіпсіздік чип картасымен бірге
пайдаланады.
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
Егер HP SpareKey бұрын орнатылған болса жəне Computer Setup құралындағы BIOS
əкімшісінің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, құралға HP SpareKey арқылы
кіруіңізге болады.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін ұмытсаңыз жəне DriveLock басты құпия сөзі Computer
Setup қызметінде орнатылған болса, құпия сөздермен қорғалған қатты диск құлыпталып,
қолданысқа жарамай қалады.
Computer Setup жəне Windows қауіпсіздік мүмкіндіктері үшін бір құпия сөзді пайдалануға
болады. Бірнеше Computer Setup мүмкіндігіне де бір құпия сөзді қолдануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін келесі кеңестерді орындаңыз.
Құпия
сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз.
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз жəне Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
HP құпиясөз менеджерін қолданып, барлық қолданушы атаулары мен веб-сайттар мен
қолданбалар үшін жасалған құпиясөздерді сақтаңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте
оларды қауіпсіз оқуыңызға болады.
Құпия
сөздерді компьютердегі файлда сақтауға болмайды.
64 Бап 9 Қауіпсіздік