User Guide - Windows 8
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі жəне
олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі* Windows əкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны
қорғайды.
ЕСКЕРІМ: Windows əкімші құпиясөзін тағайындау BIOS
əкімші құпиясөзін тағайындамайды.
Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк
жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
*Windows əкімші құпия сөзі немесе Бастау экранында Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату
туралы ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бөлімін қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу
үшін, бастау экранында HP Support Assistant
белгішесін таңдаңыз.
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды.
ЕСКЕРІМ: BIOS əкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия
сөзді жоюға болмауы мүмкін.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні
рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою
үшін де қолданылады. Бұл құпия сөз қосу үрдісі
барысында DriveLock Passwords параметрінде
орнатылады.
ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін
орнатпас бұрын BIOS
əкімші құпия сөзін орнату қажет.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні
рұқсатсыз кіруден қорғайды жəне қосу үрдісі барысында
DriveLock Passwords парметрінде орнатылады.
ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS
əкімші құпия сөзін орнату қажет.
*Осы құпия сөздердің əрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару
Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS əкімші құпия сөзін орнату
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану 65










