User Guide - Windows 8
DriveLock құпия сөзін өзгерту
Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін
ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock
тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. BIOS əкімші құпия сөзі
опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
5. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен DriveLock құпия сөзін
тағайындау пəрменін, содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Ішкі қатты дискті таңдау үшін көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, содан кейін enter
пернесін басыңыз.
7. Меңзегіш құрал немесе жебе пернелердің көмегімен Құпия сөзді өзгерту пəрменін
таңдаңыз.
8. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріп,
enter пернесін басыңыз.
9. Нұсқау берілгенде, жаңа құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
10. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз.
11. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (
Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
DriveLock қорғанысын алу
Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін
ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock
тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. BIOS əкімші құпия сөзі опциясын
ашып, enter пернесін басыңыз.
5. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен DriveLock құпия сөзін
тағайындау пəрменін, содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter
пернесін басыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану 69










