User Guide - Windows 8
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық қалқандар DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша
салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРІМ: Белгілі бір шарттар аясында желіаралық қалқан бағдарламасы Интернет
ойындарына кіруге мүмкіндік бермейді, желіде принтер немесе файл бөлісуіне араласады,
немесе тіркелген электрондық хат қосымшаларын ашпайды. Мəселені шешу үшін, желіаралық
қалқан бағдарламасын уақытша өшіріп, қажет шаралар қолданған соң, оны қайта қосыңыз.
Мəселені шешу үшін, желіаралық бағдарламасының параметрлерін уақытша өзгертіңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді
қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін
Бастау экранында п əрпін теріңіз де, Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын
таңдаңыз. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) бөлімін түртіңіз, Обновления
Windows (Windows жаңартулары) тобын, Изменить параметры (Параметрлерді өзгерту)
бөлімін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Client Security Manager пайдалану
HP Client Security бағдарламалық құралы көптеген компьютер үлгілерінде алдын ала
орнатылып келеді. Бұл бағдарламаны бастау экранындағы HP Client Security арқылы, Windows
жұмыс үстелінен хабарландыру аймағындағы тапсырмалар жинағындағы оң жақ таңба арқылы
немесе Windows басқару панелі арқылы ашуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері
компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша
ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы
модельдерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client қауіпсіздік деректері
менеджеріне тіркеуіңіз қажет. HP Client қауіпсіздік бағдарламасының анықтамалық қызметіне
жүгініңіз.
Саусағыңыздың таңбасын деректер менеджеріне тіркеген соң, HP құпия сөз менеджерін
пайдаланып, қолдауы бар веб-сайттар мен қолданбаларға арналған пайдаланушы атаулары
жəне құпия сөздерді сақтап қоюыңызға болады.
72 Бап 9 Қауіпсіздік










