User Guide - Windows 8
Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Бастау экранында К əрпін
жазып, одан кейін Компьютер пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Бейнені қалпына келтіру бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен
бағдарламаларды Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін мен Драйверді қалпына келтіру
дискісін (екеуі де бөлек сатылады) пайдаланып қалпына келтіру керек болады. Қосымша
ақпарат алу үшін
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
82-бетте бөлімін қараңыз.
3. Егер бейнені қалпына келтіру бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз
жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу
үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізде ішкі оптикалық диск болмауы мүмкін. Амалдық жүйесі бар DVD
дискісін пайдалану үшін, сыртқы оптикалық дискті жалғау қажет.
Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support
торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сондай-ақ, қолдау көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы DVD дискісіне тапсырыс бере
аласыз. Байланыс ақпаратын алу үшін компьютермен бірге жіберілген Worldwide Telephone
Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен
өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге
орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. Қайта пішімдеу
аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді іске қосу үшін:
ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін
Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз.
3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
82 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру










