User Guide - Windows 8
Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау
Computer Setupқызметінде шарлау жəне таңдау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
●
Мəзірді немесе мəзір пəрменін таңдау үшін, tab пернесін жəне пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пəрменді
таңдау
үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
● Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не
төмен көрсеткілерді нұқыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі
пернелерін басыңыз.
●
Ашық тілқатысу терезелерін жауып, негізгі Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін көрсеткі құрылғысын
(TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға
болады.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз:
●
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and
Exit (Өзгертулерді елемеу жəне шығу
) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
●
Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін
Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Сақтау таңбасын басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін
көрінеді.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру
ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
86 Бап 12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)










