User Guide - Windows 8
BIOS жүйесін жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат
беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау
Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі
нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек.
BIOS нұсқасының ақпаратын (Дата ROM (ROM күні) жəне Система BIOS) (BIOS жүйесі) деп те
аталады) fn+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup
утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады.
1. Computer Setup қызметін қосыңыз.
2. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі
) > System
Information (Жүйе ақпараты) тармақтарын таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and
Exit (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
Windows 8 үшін BIOS жаңартуын жүктеу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер
айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі
жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда
немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе
орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток
көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
Ешбір құрылғы, кабель немесе сымды кірістірмеңіз, шығармаңыз, жалғамаңыз немесе
ажыратпаңыз.
1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын
таңдаңыз.
2. Жаңартулар мен жетілдірулер, содан кейін HP жаңартуларын қазір тексеру опциясын
таңдаңыз.
88 Бап 12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)










