HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
Қате Сипаттама
Бірнеше құжатты алу сенсоры
тоқтап қалды
Құрылғының бірнеше құжатты алу сенсорының ақаулығы орын алды.
Қағаз кептелуі Құрылғы құжат бергіште қағаздың кептелуін анықтады.
Негізгі ақаулықтарды жою бойынша кеңес
Сканерлеу əйнегіндегі дақтар жəне тығыс жалғанбаған кабельдер сияқты қарапайым
мəселелер құрылғының анық емес сканерлеуін, күтпеген мəнерде жұмыс істеуін немесе тіптен
жұмыс істемеуін тудырады. Сканерлеу ақаулықтары туындаса, келесі элементтерді əрқашан
тексеріңіз.
●
Сканерленген кескін анық болмаса, сканерлеу əйнегінің сол жағындағы сканерлейтін
жолақтың шаң немесе ластанған болмауын тексеріңіз. Солай болса, сканерлейтін жолақты
тазартыңыз.
Оптик
а
лық таңбаны тану құралын қолданып талданатын құжатты сканерлеп жатсаңыз,
түпнұсқа құжаттың талдау үшін жеткілікті анық болуын тексеріңіз.
●
Ethernet жəне қуат кабельдерінің құрылғының артқы жағындағы сəйкес қосқыштарына
толық орналасқанын жəне қуат сымының жұмыс істейтін электр розеткасына немесе
кернеу ауытқуынан қорғау құралына жалғанғанын тексеріңіз.
●
Құрылғының қуатты алатынын тексеріңіз.
Қуат беру сымындағы жасыл жарық шығарғыш
диодтың қосылу болуын тексеріңіз.
Жасыл жарық шығарғыш диод қосулы болмаса, қуат розеткасында жəне қуат беру
сымы қосылған кернеу ауытқуынан қорғау құралында қуаттың болуын тексеріңіз.
Қуат розеткасында немесе кернеу ауытқуынан қорғау құралында қуат болса, бірақ
жасыл жарық шығарғыш диод əлі де жанбаса, қуат беру сымында ақаулық болуы
мүмкін. Көмек алу үшін
www.hp.com/support мекенжайы бойынша хабарласыңыз.
●
Артқы панельдің тартпа жинағындағы пішімдеу құрылғысының күй жарық шығарғыш екі
шамы жасыл түспен жанып тұрғанына көз жеткізіңіз (біреуі тұрақты жанып тұруы, басқасы
жыпылықтауы тиіс). Бұл пішімдеу құрылғысының дұрыс істеп тұрғанын көрсетеді.
●
Құрылғы түймешіктерінің қосылғанын тексеріңіз.
●
Құрылғыны өшіру үшін Питание (Қуат) түймешігін басып, 30 секундтай күтіп, сканерді қосу
үшін Питание (Қу
ат) түймешігін қайтадан басыңыз.
● Құжатты автоматты беру құрылғысы (ADF) қақпағының жабық екенін тексеріңіз.
●
Құрылғының жергілікті желіге қосылғанын жəне құрылғы параметрлерінің желіні пайдалану
үшін дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Ақаулықтардың болуы жалғасса, ішінде орнатылған бағдарламаның немесе тағайындалған
драйверлердің мерзімі өткен немесе бүлінген болуы мүмкін. Құрылғыңыз үшін ішінде
орна
тылған бағдарлама мен драйверлер жаңартуларын табу үшін
www.hp.com/support веб-
торабын қараңыз.
92
Бап 9 Ақаулықтарды жою KKWW










