HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

Орнату мəселелері
Кабель түрі Əрекет
Қуат беру құрылғысы
кабелі
Қуат беру құрылғысы құрылғы мен қуат розеткасы арасында қосылған.
Қуат беру құрылғысының құрылғыға тығыс қосылғанын тексеріңіз.
Қуат кабелінің қуат беру құрылғысы мен жұмыс істейтін электр розеткасы не
кернеу ауытқуынан қорғау құралы арасында қауіпсіз қосылғандығын тексеріңіз.
Қуат кабелі кернеу ауытқуынан қорғау құралына қосылған болса, кернеу
ауытқуынан қорғау құр
алының
розеткаға жалғанғанын жəне қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғыны өшіру үшін Питание (Қуат) түймешігін басып, 30 секундтай күтіп,
сканерді қосу үшін Питание (Қуат) түймешігін қайтадан басыңыз.
Ethernet кабелі Құрылғы мен желі маршрутизаторы жəне Ethernet ұясы немесе Ethernet қосқышы
арасында Ethernet кабелінің тығыс жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Ethernet ақаулықтарын жою туралы қосымша ақпаратты
www.hp.com/support веб-
торабынан қарап, елді/аймақты таңдап, Ethernet немесе желі ақаулықтарын жою
тақырыптарын табу үшін іздеу құралдарын қолданыңыз.
Бастау немесе аппараттық құрал мəселелері
Ethernet қосылымын тексеру
Құрылғыңызда қуаттың болуын тексеру
Өнімнің параметрлерін бастапқы қалпына келтіру
Ethernet қосылымын тексеру
1. Құрылғы мен маршрутизатор жəне Ethernet ұясы немесе Ethernet қосқышы арасында
Ethernet кабелінің дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз.
2. Егер Ethernet кабелі желі маршрутизаторына немесе Ethernet қосқышына жалғанса,
маршрутизатор не қосқыштағы басқа ұяға жалғауға тырысыңыз.
3. Құрылғыны өшіру үшін Питание (Қуат) түймешігін басып, 30 секундтай күтіп, сканерді қосу
үшін Питание (Қуат) түймешігін қайтадан басыңыз.
KK
WW
Орнату мəселелері
93