HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

Құрылғыңызда қуаттың болуын тексеру
Қуат кабелі құралы мен қуат розеткасы арасында қосылған.
Қуат кабелінің құралы мен жұмыс істейтін электр розеткасы арасында қауіпсіз
жалғанғанын тексеріңіз.
Қуат кабелі кернеу ауытқуынан қорғау құралына қосылған болса, кернеу ауытқуынан
қорғау құралының розеткаға жалғанғанын жəне қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғының қуатты алатынын тексеріңіз.
Қуат беру сымындағы жасыл жарық шығарғыш диодтың қосылу болуын тексеріңіз.
Жасыл жа
рық шыға
рғыш диод қосулы болмаса, қуат розеткасында жəне қуат беру
сымы қосылған кернеу ауытқуынан қорғау құралында қуаттың болуын тексеріңіз.
Қуат розеткасында немесе кернеу ауытқуынан қорғау құралында қуат болса, бірақ
жасыл жарық шығарғыш диод əлі де жанбаса, қуат беру сымында ақаулық болуы
мүмкін. Көмек алу үшін
www.hp.com/support мекенжайы бойынша хабарласыңыз.
Жоғарыдағы элементтерді тексергеннен кейін де ақаулық сақталса, осы қадамдарды
орындаңыз:
1. Өнімді өшіру үшін Қуат түймешігін басыңыз, одан кейін электр қуаты сымын ажыратыңыз.
2. 30 секундтай күтіңіз.
3. Электр сымын қайта жалғап, өнімді қосыңыз.
Өнімнің параметрлерін бастапқы қалпына келтіру
Құрылғыны пайдалану кезінде Сбой запуска сканера (Сканер басталмады) немесе Сканер не
найден (Сканер табылмады) хабарына ұқсас қате туралы хабар экранға шығарылса, өнімнің
параметрлерін бастапқы қалпына келтіру қажет.
Өнімнің параметрлерін бастапқы қалпына келтіру үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Өнімді өшіру үшін Қуат түймешігін басыңыз, одан кейін электр қуаты сымын ажыратыңыз.
2. 30 секундта
й күтіңіз.
3. Электр сымын қайта жалғап, Питание (Қуат) түймешігін басыңыз.
Құрылғы тоқтатыла тұрған немесе өшірілген
Құрылғының сенсорлы экранына «тоқтата тұру» сияқты хабар шығарылды
Құрылғының өшірілгені туралы ескертетін электрондық пошта хабарламасы түсті
Құрылғының сенсорлы экранына «тоқтата тұру» сияқты хабар
шығарылды
Қатты дисктің қызып кетуі анықталды жəне «тоқтата тұру» сияқты хабар экранға шығарылған
соң 12 минуттан кейін құрылғы өшіріледі.
94
Бап 9 Ақаулықтарды жою KKWW