HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

Құрылғының өшірілгені туралы ескертетін электрондық пошта
хабарламасы түсті
Қатты дисктің желдеткіш ақаулығынан қызып кеткені анықталды. Қатты дисктегі деректерді
қорғау үшін құрылғы өшірілді.
Қағаз беру мəселелері
Қағаз кептелісі, бұратылу, қағазды дұрыс жүктемеу немесе көп бетті беру
Нəзік түпнұсқаларды сканерлеу
Қағаз құрылғыдан берілмейді
Түпнұсқалар құжаттардың шығыс науасында бұралған.
Сканерленген кескіннің төменгі жағы кесілген
Сканерленген кескіндерде жолақтар немесе таңбалар бар
Құжаттардың кіріс науасына жүктелген бет қайта кептеледі
Қағаз жолынан кептелістерді тазалау
Қағаз кептелісі, бұратылу, қағазды дұрыс жүктемеу немесе көп бетті
беру
Барлық біліктердің орнында болуын жəне біліктер есігі мен құжатты автоматты беру
құрылғысы (ADF) қақпағының жабық болуын тексеріңіз.
Қағаз жолына жүктелген беттер жылжытылған болып көрінсе, олардың жылжытылғанына
көз жеткізу үшін бағдарламалық құралдағы сканерленген кескіндердің нəтижелерін
тексеріңіз.
Беттердің дұрыс орналастырылмаған болуы мүмкін. Беттерді түзетіп, буманы ортаға
орналастыру үшін қағаз бағыттауыштарын сəйкестендіріңіз.
Қағаз бағыттауыштары дұрыс жұмыс іс
теуі үшін қағаз бумасының бүйірлеріне тиіп тұруы
қажет. Қағаз бумасының түзу жəне бағыттауыштардың қағаз бумасы бойымен
орналастырылғанын тексеріңіз.
Құжатты беру құрылғысы немесе шығыс науасы беттердің ең үлкен санына көп бетті
қамтуы мүмкін. Құжатты беру құрылғысына азырақ бетті жүктеп, шығыс науасынан
беттерді алып тастаңыз.
Қағаз жолында ешбір қағаздың бөліктерінің, қ
апсырмалардың, қағаз қыстырғыштарының
немесе басқа қалдықтардың болмауын тексеріңіз.
Беттердің дұрыс жүктемеуін азайтуға көмектесу үшін қағаз жолын тазалаңыз. Дұрыс
жүктемеу əлі де туындаса, роликтерді тазалаңыз. Дұрыс жүктемеу əлі де туындаса,
роликтерді ауыстырыңыз.
KKWW
Қағаз беру мəселелері
95