HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

Нəзік түпнұсқаларды сканерлеу
Нəзік түпнұсқаларды (қыртысталған немесе өте жеңіл қағазда жасалған фотосуреттер немесе
құжаттарды) сканерлеу үшін түпнұсқа бетін сканерлеу əйнегіне орналастырыңыз. Құжатты
автоматты беру құрылғысын (ADF) пайдаланбаңыз.
Қағаз құрылғыдан берілмейді
Құжатты беру құрылғысына беттерді қайта жүктеп, олардың шығыршықтарға тиіп тұруын
тексеріңіз.
Құжатты автоматты беру құрылғысы (ADF) қақпағының тығыс жабылғанын тексеріңіз. ADF
қақпағын ашып, оны қатты басып жабыңыз.
Құрылғының аппараттық құралының мəселесі болуы мүмкін. Құрылғыны сынақтан өткізу үшін
осы іс рəсімін орындаңыз:
1. Қуат беру құралының құрылғы мен жұмыс істейтін электр розеткасы не керне
у
ауытқуларынан қорғау құралы арасында сенімді қосылғандығын тексеріңіз. Қуат беру
сымының дұрыс жұмыс істейтін тексеру үшін қуат беру сымындағы жасыл жарық
шығаратын диод шамының қосулы болуын тексеріңіз.
2. Қуат беру құралы кернеу ауытқуларынан қорғау құралына қосылған болса, кернеу
ауытқуынан қорғау құралының розеткаға жалғанғанын жəне қосылғанын тексеріңіз.
3. Өнімді өшіру үшін Қуат түймешігін басыңыз, одан кейін электр қуаты сымын ажырат
ыңыз.
4. 30 секундтай күтіңіз.
5. Электр сымын құрылғыңызға қайта жалғап, Питание (Қуат) түймешігін басыңыз.
6. Қайта сканерлеп көріңіз.
Түпнұсқалар құжаттардың шығыс науасында бұралған.
Құрғақ жағдайларда басып шығарылған немесе карбонатты көшірме қағазы сияқты жеңіл
түпнұсқалар шығыс науасында бұралып қалуы мүмкін. Бұралуды азайту үшін, құжатты беру
құрылғысына түпнұсқалардағы бұралған бұрыштарды тегістеңіз. Бұралған ұштарды тегістеу
мүмкін болмаса, түпнұсқаларды құжатты беру құрылғысына салған кезде бұралған ұштардың
төмен қаратылып тұрғанын тексеріңіз.
Сканерленген кескіннің төменгі жағы кесілген
Əдепкі бойынша, сканерлеу бағдарламалық құралы 356 мм өлшемінен ұзын медиа құралын
сканерлей алады. Ұзын беттерді сканерлеу кезінде, құжаттың аяғы сканерленген кескінде
қамтылмайды.
96
Бап 9 Ақаулықтарды жою KKWW