HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

Сканерленген кескіндерде жолақтар немесе таңбалар бар
Əрбір қадамнан кейін жолақтардың немесе таңбалардың көрінуін қарау үшін басқа сканерлеуді
орындап көріңіз. Осылай болса, келесі қадамды орындаңыз. Құрылғыны тазалау туралы
қосымша ақпаратты Күтім жəне техникалық қызмет бөлімінен қараңыз.
Түпнұсқалардың таза жəне мыжылмаған болуын тексеріңіз.
Сканерлеу əйнегінің сол жағындағы сканерлеу жолағын тазалаңыз.
Роликтерді қолмен тазалаңыз.
Құжаттардың кіріс науасына жүктелген бет қайта кептеледі
Элемент қабылданатын түпнұсқаларға арналған нұсқаулыққа сəйкес келмеуі мүмкін.
Түпнұсқада алынып тасталуы қажет қапсырмалар мен өзіндік жабыстыру жазбалары
сияқты бір нəрсе болуы мүмкін.
Қағаз бағыттауыштарының түпнұсқа бұрыштарына тиетінін тексеріңіз.
Қағаз жолынан кептелістерді тазалау
Кептелген қағазды алу
1. Құжатты автоматты беру құрылғысының (ADF) қақпағын ашыңыз.
2. Түпнұсқаларды немесе кез келген кептелістерді қағаз жолынан алып тастаңыз.
КЕҢЕС: Ашық қақпақтың сол жағындағы жасыл дөңгелекті түпнұсқаларды қағаз жолынан
қолмен алға жылжыту үшін пайдаланыңыз.
KKWW
Қағаз беру мəселелері
97