HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

конфигурациялау бетін көріңіз. SMTP жəне LDAP шлюз мекенжайларының дұрыс екенін тексеру
үшін мына іс ретін пайдаланыңыз.
SMTP шлюз мекенжайын тексеру
ЕСКЕРІМ: Бұл іс реті Windows амалдық жүйесі үшін.
1. MS-DOS пəрмен жолағын ашыңыз: Пуск (Бастау) түймешігін басып, Выполнить (Орындау)
пəрменін таңдап, cmd деп теріңіз.
2. telnet сөзінен кейін SMTP шлюз мекенжайын жəне 25 санын (құрылғы байланысатын
порт нөмірі) теріңіз. Мысалы, telnet 123.123.123.123 25 деп жазыңыз, бұндағы
"123.123.123.123" SMTP шлюз мекенжайы болып табылады.
3. Enter (Енгізу) түймешігін басыңыз. Егер SMTP шлюз мекенж
айы жарамды болмаса, Could
not open connection to the host on port, 25: (25 портында хостпен байланыс орнатылмады)
сияқты хабар түседі. Қосылу сəтсіз болды.
4. Егер SMTP шлюз мекенжайы жарамды болмаса, желі əкімшісімен байланысыңыз.
LDAP шлюз мекенжайын тексеру
ЕСКЕРІМ: Бұл іс реті Windows амалдық жүйесі үшін.
1. Windows Explorer бағдарламасын ашыңыз. Мекенжай жолағында LDAP:// таңбаларын,
одан кейін LDAP шлюз мекенжайын жазыңыз. Мысалы, LDAP://12.12.12.12 деп
жазыңыз, мұндағы "12.12.12.12" LDAP шлюз мекенжайы болып табылады.
2. Enter (Енгізу) түймешігін басыңыз. Егер LDAP шлюз мекенжайы жарамды болса, Поиск
людей (Адамдарды іздеу) тілқатысу терезесі ашылады.
3. Егер LDAP шлюз мекенжайы жарам
ды болмаса, желі əкімшімен байланысыңыз.
Желілік ақаулықтарды түзету
Өнімнің желімен байланысып тұрғанына көз жеткізу үшін төмендегі тармақтарды тексеріңіз.
Бастамас бұрын, ақпараттық беттерді қараңыз.
Ақпаратты тексергеннен кейін желімен байланысу мүмкін болмаса,
www.hp.com/support веб-
торабын қараңыз.
1. Қуат сымы мен қуат беру құралының кабелі дұрыс жалғанды ма? Құрылғыңыз қосулы ма?
2. Желілік кабельдер дұрыс жалғанды ма?
Өнімнің желіге сəйкес келетін порт жəне кабель арқылы жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Қауіпсіз жəне дұрыс орында екеніне көз жеткізу үшін əрбір кабельдің жалғауын тексеріңіз.
Егер мəселе шешілмесе, хабтағы не
месе трансивердегі басқа кабельді немесе порттарды
көріңіз.
KKWW
Желілік ақаулықтарды түзету
99