HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
Электр қуатына тəуелді емес жад
Жүйені басқару деректерін жəне пайдаланушы белгілеген таңдаулы параметрлерді сақтау үшін
электр қуатына тəуелді емес жад (2 Мбайт) қолданылады. Тұтынушының сканерленген
деректері электр қуатына тəуелді емес жадында сақталмайды. Электр қуатына тəуелді емес
жадты тазалау жəне оның зауыттық əдепкі параметрлерін қалпына келтіру үшін енгізілген веб-
серверді пайдаланыңыз.
КЕҢЕС: Электр қуатына тəуелді емес жадты басқару тақтасындағы Басты терезесінен де
тазалауға болады (Administration опциясын, одан кейін Жалпы параметрлер пəрменін таңдаңыз
жəне Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру түймешігін басыңыз).
Қатты диск жетегінің жады
Құрылғыңызда бар бір шифрланған қатты диск жетегінде (160 Мбайт немесе одан да
үлкенірек) өнім өшірілгеннен кейін тұтынушы тапсырмаларын жəне сақталған сканерлеу
деректерін немесе факс файлдарын қоса, деректер сақталады. Деректерді қауіпсіз өшіру үшін,
енгізілген веб-серверді бастаңыз, Security қойыншасын басып, сол жақтағы Protect Stored
Data жолағын нұқып, Erase Options түймешігін басыңыз, одан кейін Se
cur
e Sanitize Erase
опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сіз дискті Secure Sanitize Erase көмегімен өшірсеңіз, диск пішімделгенше,
оны кез келген құрылғыда (мысалы, басқа сканерде немесе компьютерде) пайдалана
алмайсыз.
Secure Sanitize Erase мүмкіндігі Ұлттық стандарттар мен технологиялар институтының №
800-88 Арнайы басылымында шыққан Медиа құралдарын тазалау нұсқауларында жəне АҚШ
Қорғаныс Департаментінің жаңартылған DSS тазалау жəне өшіру үлгісінде анықталған медиа
дискілерін тазалау стандарттарына сəйкес келеді.
Заңды үлгі нөмірі
Заңды айқындау мақсаттары үшін өнімге заңды үлгі нөмірі тағайындалған. Өнімнің заңды үлгі
нөмірі — FCLSD-0901. Бұл заңды үлгі нөмірі нарықтағы атымен (HP Digital Sender Flow 8500 fn1)
немесе өнім нөмірімен (L2719A) шатастырылмауы қажет. Құрылғыңыз туралы қосымша заңдық
ақпаратты өнім құжаттамасында regulatory_supplement.pdf файлынан табуға болады.
Өнімнің қоршаған ортаға зиянсыздығын бақылау
бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
KKWW
Заңды үлгі нөмірі
103










