HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

Сенсорлы экрандағы түймешіктер
Өнім күйі туралы ақпарат сенсорлы экранда беріледі. Бұл аймақта түрлі түймешіктер
көрсетіледі.
Басты түймешік. Бұл түймешікті кез келген басқа экраннан Басты экранға өту үшін түртіңіз.
Бастау түймешігі Бұл түймешікті пайдаланылатын мүмкіндік үшін əрекетті бастау мақсатымен
түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Əр мүмкіндік үшін түймешіктің аты өзгереді. Мысалы, сандық факс мүмкіндігін
пайдалану кезінде түймешік Send Fax деп аталады.
Қате түймешігі. Бұл түймешік əрекетті жалғастырмас бұрын назар аударуды қажет ететін қате
орын алғанда көрсетіледі. Қате түймешігін қатені сипаттайтын хабарды көру үшін түртіңіз.
Сондай-ақ, хабарда осы мəселені жою нұсқаулары беріледі.
Ескерту түймешігі. Бұл түймешік мəселе орын алған өнім жұмыс атқара алғанда көрсетіледі.
Ескерту түймешігін қатені сипаттайтын хабарды көру үшін түртіңіз. Сондай-ақ, хабарда осы
мəселені жою нұсқаулары беріледі.
Анықтама түймесі. Бұл түймешікті кірістірілген онлайн Анықтама жүйесін ашу үшін түртіңіз.
Тіл түймешігі. Тіл экранын ашу жəне сенсорлы экраны бар дисплей тілін өзгерту үшін бұл
түймешікті түртіңіз.
Басқару тақтасының анықтамалық жүйесі
Құрылғының ішіне əр экранды пайдалану жолын түсіндіретін «Анықтама» жүйесі орнатылған.
Анықтама жүйесін ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Анықтама түймешігін
түртіңіз.
Кейбір экрандарда «Анықтама» жүйесі жалпы мəзірден ашылып, белгілі бір тақырыптарды
іздеуге мүмкіндік береді. Мəзірдегі түймелерді түртіп, мəзір құрылымының ішінде жылжуға
болады.
Жеке тапсырмалар опцияларын қамтитын экрандар үшін «Анықтама» жүйесі со
л экрандардың
опцияларын түсіндіретін тақырыпты ашады.
Өнім қате немесе ескерту туралы хабар берсе, мəселені түсіндіретін хабарды ашу үшін Қате
немесе Ескерту түймешігін түртіңіз. Сондай-ақ, хабарда осы ақауды жою нұсқаулары берілген.
KKWW
Сенсорлы экрандағы түймешіктер
11