HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
Енгізілген веб-сервер желіге қосылған компьютері жəне стандартты веб-шолғышы бар кез
келген адам пайдалана алатын өнімге интерфейспен қамтамасыз етеді. Ешқандай арнайы
бағдарламалық құрал орнатылмаған немесе конфигурацияланбаған, бірақ компьютеріңізде
қолдау көрсетілетін веб-шолғыш болуы керек. Енгізілген веб-серверге кіру үшін шолғыштың
мекенжай жолында өнімнің IP мекенжайын теріңіз. (IP мекенжайын табу үшін, Баст
ы экрандағы
Network Address түймешігін
түртіңіз).
HP Digital Sending Software (HP DSS, НР сандық түрде жіберу
бағдарламалық құралы)
Қосымша HP Digital Sending Software бағдарламалық құралын орнатуға болады. Бұл
бағдарламалық құрал желі серверінде қызмет ретінде жұмыс істейді жəне бірнеше өнімдерге
тапсырмаларды сервер арқылы жіберуге мүмкіндік береді. Жеке пайдаланушылардың
компьютерлеріне кез келген бағдарламалық құралды немесе драйверлерді орнатудың қажеті
жоқ. HP DSS бағдарламалық құралының сыйысымды нұсқалары туралы ақпаратты алу жəне
бағдарламалық құралды сатып алу үшін
www.hp.com/go/dss бөлімін қараңыз.
Қолдау көрсетілетін желілік протоколдар
Өнім ең көп қолданылатын жəне қабылданған желі протокол болып табылатын TCP/IP желі
протоколын қолдайды. Көптеген желілік қызметтер осы протоколды пайдаланады. Келесі
кестеде қолдаулы желі қызметтер мен протоколдар тізімі келтірілген.
Кесте 3-1 Желілік құрылғыны табу
Қызмет аты Сипаттама
SLP (Қызмет іздеу протоколы) Желілік құрылғыларды табуда жəне конфигурациялауда
пайдаланылатын Құрылғыны табу протоколы. Негізінен
Microsoft бағдарламалары үшін қолданылады.
Кесте 3-2 Хабар алмасу жəне басқару
Қызмет аты Сипаттама
HTTP (гипермəтіндік файлдарды жіберу протоколы) Веб-браузерлерге енгізілген веб-сервермен байланысқа
шығуға мүмкіндік береді.
EWS (Енгізілген веб-сервер) Сізге өнімді Веб-браузері арқылы басқару мүмкіндігін
береді.
SNMP (желілік басқарудың қарапайым протоколы) Желі бағдарламаларымен өнімді басқару үшін
пайдаланылады. SNMP v1, SNMP v3 жəне стандартты
MIB-II (Басқару мəліметтерінің базасы) нысандары
қолданылады.
14
Бап 3 Басқару - Өнімді конфигурациялау KKWW










