HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
Кесте 3-4 Қауіпсіздік мүмкіндіктері (жалғасы)
Қызмет аты Сипаттама
SSL/TLS
Жеке құжаттарды интернет арқылы жіберуге мүмкіндік
береді жəне клиент пен серверлік бағдарламалар
арасындағы құпиялық пен деректер тұтастығына кепілдік
береді.
IPsec пакеттік конфигурациясы Өнімнен шығатын жəне өнімге келетін IP трафигін
қарапайым басқару арқылы желі қабатының қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді. Бұл протокол шифрлау жəне
аутентификация артықшылықтарымен қамтамасыз етіп,
бірнеше конфигурация жасауға мүмкіндік береді.
Қолдау көрсетілетін электрондық пошта
протоколдары
Өнімде SMTP (Электрондық поштаны жалпы жіберу) протоколына жəне LDAP (Каталогтарға
жеңілдетілген кіру) протоколына қолдау көрсетіледі.
SMTP
●
SMTP протоколы – электрондық пошта хабарламаларын жіберетін жəне алатын
бағдарламалар арасындағы өзара əрекеттесуді анықтайтын ережелердің жинағы. Өнімнің
құжаттарды электрондық поштамен жіберуі үшін, өнім SMTP протоколына қолдау
көрсететін электрондық пошта серверіне қатынасы бар жергілікті желіге қосылуы тиіс.
SMTP се
рв
ерінің де Интернетке қосылысы болуы тиіс.
●
Егер сіз жергілікті желіге қосылысты пайдалансаңыз, SMTP серверінің мекенжайын немесе
хост атын алу үшін желі əкімшісімен хабарласыңыз. Егер сіз DSL модемі немесе кабель
арқылы қосылысты пайдалансаңыз, SMTP серверінің ІР мекенжайын алу үшін Интернет
провайдерімен хабарласыңыз.
LDAP
●
LDAP протоколы ақпараты бар дерекқорға кіру үшін пайдаланылады. Өнім LDA
P
протоколын пайдаланған кезде, ол электрондық пошта мекенжайларының жаһандық
тізімін іздейді. Электрондық пошта мекенжайын тере бастағанда, LDAP протоколы
терілетін таңбаларға сəйкес электрондық пошта мекенжайларының тізімін қамтамасыз
ететін автоматты түрде аяқтау мүмкіндігін пайдаланады. Қосымша таңбаларды терген
сайын сəйкес электрондық пошта мекенжайларының тізімі қысқа болады.
●
Өнімде LDAP протоколына қолдау кө
рсетіледі, бірақ өнім
нің электрондық поштаға жібере
алуы үшін, LDAP серверіне қосылу қажеті жоқ.
ЕСКЕРІМ: LDAP параметрлерін өзгерту қажет болса, оларды енгізілген веб-серверді
пайдалану арқылы өзгертуге болады.
16
Бап 3 Басқару - Өнімді конфигурациялау KKWW










