HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
Administration мəзірін пайдалану арқылы жалпы
конфигурациялау
Егер Басты экранда Initial Setup өшірілмеген болса, конфигурациялау тапсырмаларының мына
қосымша жинағын аяқтау үшін Initial Setup бағдарламасын пайдалануға болады: тіл
параметрлерін орнату, күн мен уақыт пішімін конфигурациялау, күн мен уақытты орнату жəне
Электрондық поштаны орнату шеберіне кіру.
●
Басқару мəзірі бойынша шарлау
●
Тіл параметрлерін конфигурациялау
●
Уақыт параметрлерін конфигурациялау
●
IP мекенжайын тағайындау
●
Электрондық пошта параметрлерін Электрондық пошта параметрлерін орнату шеберін
пайдалану арқылы орнатуға жəне конфигурациялауға болады.
●
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеңіз
●
IPv6 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеңіз
●
Желілік протоколдарды өшіру (қосымша)
●
Байланыс жылдамдығы жəне дуплекстеу параметрлері
Басқару мəзірі бойынша шарлау
Мəзір құрылымын ашу үшін, Басты экранда Administration түймешігін түртіңіз. Бұл мүмкіндікті
көру үшін Басты экранның төменгі жағына жылжыту қажет болуы мүмкін.
Administration мəзірінің бірнеше ішкі мəзірлерін орнату тапсырмалары үшін пайдалануға
болады. (Параметрлердің барлығын конфигурациялау үшін, енгізілген веб-серверді
пайдаланыңыз). Мəзірді кеңейту үшін мəзірдің атын түртіңіз. Мəзір атының жанындағы қосу
белгісі (+) бұ
л мəзірдің ішкі мəзірлерді қамтитынын білдіреді. Конфигурациялағыңыз келетін
опцияға жеткенше мəзір құрылымын ашуды жалғастырыңыз. Бұрынғы деңгейге оралу үшін Кері
түймешігін
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Кері түймешігі барлық экрандарда қолжетімді емес.
Administration мəзірінен шығу үшін экранның жоғарғы сол жақ бұрышындағы Басты түймешігін
түртіңіз.
Өнімде кірістірілген Анықтама жүйесі бар. Ол мəзірде қол жетімді мүмкіндіктердің əрқайсысын
түсіндіреді. Көптеген мəзірлерге арналған Анықтама сенсорлы экранның оң жақ бүйірінде қол
жетімді.
Бұл бөлімдегі кесте əр мəзір туралы жалпы ақпаратты қамтиды. Əр мəзірдің арнайы жолдары
туралы ақпаратты кірістірілген Анықтама жүйесінен қараңыз.
KKWW
Administration мəзірін пайдалану арқылы жалпы конфигурациялау
17










