HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
Тіл параметрлерін конфигурациялау
Тіл параметрлерін конфигурациялау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғының басқару тақтасында Administration түймешігін басып, одан кейін Дисплей
параметрлері мəзірін ашыңыз да, Тіл параметрлері опциясын таңдаңыз.
2. Тіл санатында басқару тақтасының дисплейі үшін тілді таңдаңыз.
3. Пернетақта жаймасы санатында сенсорлы экрандағы пернетақта үшін пернетақта
пернелерінің жаймасын таңдаңыз жəне Save опциясын түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Таңдалған тіл сенсорлы экранда көрсетілетін пернетақтадағы пернелердің
орналасуына əкеліп соғуы мүмкін. Тағы бір айта кететін жайт, бір тіл үшін бірнеше
пернетақта жаймасы болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, тіл параметрлерін Басты экрандағы Тіл түймешігін басу арқылы
конфигурациялауға болады.
Уақыт параметрлерін конфигурациялау
Уақыт параметрлерін конфигурациялау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғының басқару тақтасында Administration түймешігін басып, одан кейін Жалпы
параметрлер мəзірін ашыңыз да, Күн/уақыт параметрлері опциясын таңдаңыз.
2. Күн мен уақытты орнату.
а. Күн/уақыт түймешігін түртіңіз.
ə. Күн, ай мен жыл мəндерін сəйкес түймешік пен көрсеткі көмегімен орнатуға болады.
б. Уақыт мə
ні
н сəйкес түймешік пен көрсеткі көмегімен орнатыңыз жəне мəнді
ауыстырып қосу үшін таң/кеш түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Қолданылса, Жазғы уақытқа өту параметрін реттеу түймешігін түртіңіз.
в. Қолданылатын сағаттық белдеу түймешігін түртіңіз.
г. Save түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Күн мен уақыт пішімін өзгерту үшін Күн/Уақыт параметрлері экранындағы
Күн/уақыт пішімі опциясын түртіңіз.
3. Ұйқы таймерін конфигурациялаңыз.
а. Жалпы параметрлер экранында Қуат параметрлері опциясын басып, одан кейін Ұйқы
таймерінің параметрлері пəрменін таңдаңыз.
ə. Минут жолағын таңдаңыз, одан кейін минутпен көрсетілетін мəнді қалқымалы
пернелер панелінің көмегімен теріңіз.
б. Осы оқиғаларға ояту/автоматты түрде қосу үшін тиісті əрекетті таңдаңыз.
в. OK жəне одан кейін Save опциясын түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Сонымен қатар, Энергияны үнемдеу параметрлері экранында Ұйқыны
жоспарлау мүмкіндігін конфигурациялауға болады.
KKWW
Administration мəзірін пайдалану арқылы жалпы конфигурациялау
25










