HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

IPv6 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеңіз
Енгізілген веб-серверді пайдаланумен қатар сіз басқару панелінің мəзірлерін IPv6 мекенжайын,
желі бөлігінің маскасын жəне стандартты шлюзді белгілеу үшін пайдалана аласыз.
1. Құрылғының басқару тақтасында Administration түймешігін басып, Желі параметрлері
мəзірін ашып, Енгізілген Jetdirect мəзірі тармағын, TCP/IP пəрменін, IPV6 параметрлері
опциясын, Address параметрін, Manual Settings пəрменін жəне Enable опциясын таңдаңыз.
2. On опциясын таңд
ап, Save түймешігін басыңыз.
3. Address опциясын таңдап, деректерді енгізу жолағын басыңыз.
4. Пернетақтаны пайдаланып мекенжайды енгізіңіз де, Save түймешігін түртіңіз.
Желілік протоколдарды өшіру (қосымша)
Зауыттық стандартты күй бойынша барлық қолдаулы желілік протоколдар қосулы болады.
Пайдаланылмайтын протоколдарды өшірудің келесідей артықшылықтары бар:
Өнімнің желіге қосылу трафигін азайтады
Конфигурациялау бетінде тек орынды ақпаратты көрсетеді
Өнімнің басқару панеліне протоколға қатысты қателіктерді жəне ескерту хабарларын
көрсету мүмкіндігін береді
Байланыс жылдамдығы жəне дуплекстеу параметрлері
Құрылғының сілтеме жылдамдығы мен байланыс режимі желіге сəйкес болуы тиіс. Көп
жағдайларда өнімді автоматты күйде қалдырыңыз. Байланыс жылдамдығы жəне дуплекстеу
параметрлерін дұрыс өзгертпеу өнімнің басқа желілік құрылғылармен байланысына кедергі
жасауы мүмкін. Егер өзгерістер енгізу қажет болса, өнімнің басқару тақтасын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Осы параметрлерге өзгерістер енгізу өнімнің өшіп, қайта қосылуына əкеледі.
Өзгерістерді өнім бос тұрғанда ғана енгізіңіз.
1. Құрылғының басқару тақтасында Administration түймешігін басып, одан кейін Желі
параметрлері мəзірін ашыңыз да, Jetdirect Menu опциясын таңдаңыз.
2. Link Speed опциясы көрсетілгенше төмен көрсеткіні басып тұрыңыз.
3. Save түймешігін түртіңіз. Өнім өшіріліп, қайта қосылады.
Енгізілген веб-сервер арқылы жалпы
конфигурациялау
Өнім желіге қосылғанда, HP енгізілген веб-сервер автоматты түрде қолжетімді болады.
Енгізілген веб-серверді бастау үшін, компьютерде веб-шолғышты ашыңыз жəне құрылғының IP
мекенжайын теріңіз. IP мекенжайын немесе хост атын табу үшін, құрылғының басқару
тақтасындағы Басты экранда Network Address түймешігін түртіңіз.
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
28
Бап 3 Басқару - Өнімді конфигурациялау KKWW