HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

4. Enable Send to E-mail таңдаңыз жəне Add басыңыз. Талап етілетін өрістерді жəне сізге
қажет қосымша өрістерді толтыру үшін SMTP шеберінің нұсқауларын орындаңыз да, Apply
түймешігін басыңыз.
КЕҢЕС: Шығыс SMTP серверін көрсетіңіз жəне Кімнен: өрісіне ақпаратты енгізіңіз.
Қосымша ақпаратты енгізілген веб-сервердің Анықтама жүйесінен қараңыз.
5. Мекенжай кітабына мекенжайларды қосу үшін, сол жақтағы шарлау панеліндегі Address
Book жолағын басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Электрондық пошта параметрлері конфигурацияланғаннан кейін, сандық жіберу мүмкіндігін
пайдалану арқылы өзіңізге электрондық пошта хабарламасын жіберіңіз. Электрондық пошта
хабарламасын алсаңыз, сіз сандық жіберу мүмкіндігін конфигурациялауды сəтті түрде
орындадыңыз.
Электрондық пошта хабарламасын алмасаңыз, мəселелерді жо
ю үшін мына əрекеттерді
жүзеге асырыңыз:
SMTP сервері мен мекенжайды тексеріп, оларды дұрыс тергеніңізге көз жеткізіңіз.
Конфигурация бетін көріңіз. SMTP шлюзінің мекенжайы дұрыс екенін тексеріңіз.
Желінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Электрондық пошта хабарламасын
өзіңізге компьютерден жіберіңіз. Электрондық пошта хабарламасын алсаңыз, желі дұрыс
жұмыс істеп тұр. Электрондық пошт
а хабарламасын алмасаңыз, желі əкімшісімен немесе
Интернет провайдерімен хабарласыңыз.
Save to Network Folder Setup
Желілік қалталар параметрлерін конфигурациялаудың алдында желінің амалдық жүйесіне
арналған нұсқауларды орындау арқылы ортақ қалталардың параметрлерін орнатыңыз.
1. Енгізілген веб-серверді ашыңыз.
2. Scan/Digital Send қойыншасын басыңыз.
3. Сол жақтағы шарлау мəзірінде Save to Network Folder Setup тармағын таңдаңыз.
4. Enable Save to Network Folder құсбелгісін қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер Жүйеге кіргеннен кейін басқару тақтасынан қосу үшін
пайдаланушының жазба мəліметтерін пайдалану тармағы Жарамдылықты тексеру
параметрлері ашылмалы тізімінен таңдалса, жүйеге кірген пайдаланушының көрсетілген
желілік қалтаға жазуға рұқсаттары болуы тиіс.
5. Барлық қалталарға қажет əдепкі параметрлерді орнатып, Apply түймешігін басыңыз.
6. Құжаттар сақталатын желілік қалталарды белгілеу үшін, Quick Sets аймағындағы Add
түймешігін басыңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
30
Бап 3 Басқару - Өнімді конфигурациялау KKWW