HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
пайдаланушыларға еш ықпалы тиместен шешуіне мүмкіндік береді. Бұл тегін, басқару жүйесі
жетілген бағдарламалық құралды
www.hp.com/go/webjetadmin торабынан жүктеңіз.
Қосылатын модульдерді арнайы өнім мүмкіндіктеріне қолдау көрсету үшін HP Web Jetadmin
құралына орнатуға болады. HP Web Jetadmin бағдарламасы жаңа қосымша бағдарламалар
пайда болған кезде сізге автоматты түрде хабар береді. Product Update (Өнім жаңартуы)
бетінде HP веб-торабына автоматты түрде қосатын нұсқауларды орындаңыз, содан кейін өнімге
арналған құрылғының ең соңғы жалғамалы ба
ғдарламаларын орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Шолғыштарда Java™ қосылған болу керек.
Сандық жіберу қауіпсіздігін басқару
Құрылғыны жасау кезінде қауіпсіздік есепке алынған. Сандық жіберу процесінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін бірқатар мүмкіндіктер қамтылады.
Желі жарамдылығын тексеру
Пайдаланушы сандық түрде жіберу опцияларын пайдаланбас бұрын желіге кіруді талап ету
мүмкіндігі құрылғының негізгі қауіпсіздік функциясы болып табылады. Бұл рұқсаты жоқ
пайдаланушылардың құрылғыны пайдаланып, құжаттарды жіберулеріне жол бермейді.
Сонымен қатар, құрылғыда шифрлаудың жəне қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз
ететін бірнеше жарамдылықты анықтау əдісіне қолдау көрсетіледі.
Қауіпсіз электрондық пошта
Бұл сканердің қауіпсіз электрондық пошта мүмкіндігіне қосымша бірқатар үшінші тарап
бағдарламалық құрал сатушылары қауіпсіз электрондық пошта қызметтерін ұсынады.
Дополнительная электронная почта (Қосымша электрондық пошта) мүмкіндігі деректерді
қорғаудың қосымша əдісін талап ететін пайдаланушыларға арналған үшінші тарап
бағдарламалық құрал бағдарламаларымен бірге жұмыс істеуге жасалады.
Бағдарламалық құралға қатынасты шектеу
Құрылғыны қауіпсіздендіру үшін, өнімді конфигурациялау үшін пайдаланылуы мүмкін
бағдарламалық құрал бағдарламаларына қатынасты да шектеу қажет.
Сондай-ақ, құрылғы параметрлері қойыншаларына қатынасты болдырмау үшін енгізілген веб-
сервердегі Security қойыншасындағы General Security мүмкіндігін пайдалану арқылы
жергілікті əкімші құпия сөзі параметрін орната аласыз. Құпия сөзді орнатқаннан кейін,
пайдаланушылар енгізілген веб-сервердегі Информация (Ақпарат) қойыншасын ғана көре
ал
ады
Қауіпсіздік мүмкіндіктері
Бұл өнімде келесі қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
●
Енгізілген веб-серверді қауіпсіздендіру
●
Уақытша жұмыс файлдарын басқару
38
Бап 4 Басқару – Өнімді басқару KKWW










