HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
Арнайы басылымында шыққан Медиа құралдарын тазалау нұсқауларында жəне АҚШ
Қорғаныс Департаментінің жаңартылған DSS тазалау жəне өшіру үлгісінде анықталған
медиа дискілерін тазалау стандарттарына сəйкес келеді.
3. Apply түймешігін басыңыз.
Secure Storage Erase
Енгізілген веб-сервердің Secure Storage Erase мүмкіндігін құрылғының қатты дискісіндегі
жойылатын деректерге рұқсатсыз кіруден қорғау үшін пайдаланыңыз. Secure Storage Erase
мүмкіндігі қауіпсіз өшірудің екі түрін қамтамасыз етеді. Олардың екеуі Ұлттық стандарттар мен
технологиялар институтының № 800-88 Арнайы басылымында шыққан медиа құралдарын
тазалау нұсқауларының талаптарына сəйкес келеді.
1. Енгізілген веб-сервердегі Security қойыншасын нұқып, Protect
Stored Data опциясын
таңдаңыз, одан кейін Erase Options түймешігін басыңыз.
2. Сақтау құралын өшіру опциясын таңдаңыз.
●
Secure Fast Erase. Файлға қатынас жойылады жəне деректер тұрақты ұқсас
таңбалар үлгісімен үстіне бір рет жазылады.
●
Secure Sanitize Erase. Бұл деңгей Secure Fast Erase түріне ұқсас, бірақ деректер
үстіне үш рет жазылады. Бұл жұ
мыс тиімділігіне ықпал етеді.
3. Erase түймешігін басыңыз.
Ықпал етілетін деректер
Secure Storage Erase мүмкіндігі ықпал ететін (қамтитын) деректер сақталған факс
файлдарын, сақталатын тапсырмаларды, сондай-ақ НР жəне үшінші тарап бағдарлама
деректерін қамтиды.
Бұл мүмкіндік стандартты параметрлерді, бет санауыштарын жəне ұқсас деректерді сақтауға
пайдаланылатын флэшке негізделген өнімнің ұзақ уақытты RAM (NVRAM) дискісіне ықпал
етпейді. Бұл мүмкіндік жүйенің RAM дискісіне (біреуі пайдаланылғанда) сақтал
ған деректерге
əсер етпейді. Бұл мүмкіндік флэшке негізделген жүйелік жүктелмелі RAM дискісіне сақталған
деректерге ықпал етпейді.
Secure File Erase
Secure File Erase режимін өзгерту дискідегі алдыңғы деректердің үстіне жазбайды жəне бірден
дискіге толық тазалауды жүргізбейді. Secure File Erase режимін өзгерту өшіру режимі
өзгертілгеннен кейін тапсырмаларға арналған уақытша деректерді өнімнің қалай тазалайтынын
өзгертеді.
Secure Disk Erase
Secure Disk Erase қатты дисктегі барлық деректерді мүлде өшіреді. Егер қатты диск шифрланған
болса, бұл мүмкіндік шифрланған қатты дисктің құлпын ашады жəне кез келген құрылғының
қатты дискті оқуына мүмкіндік береді.
40
Бап 4 Басқару – Өнімді басқару KKWW










