HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Бұл мүмкіндікті құрылғы қолданыстан шыққаннан кейін ғана
пайдаланыңыз. Secure Disk Erase мүмкіндігі деректердің барлығын (құрылғының амалдық
жүйесін қоса) мүлде өшіретіндіктен, құрылғы басталмайды.
Secure Disk Erase мүмкіндігіне құрылғының Жүктеу мəзірінің Басқару құралдары пəрменін таңдау
арқылы өтуге болады. Жүктеу мəзіріне өту үшін, құрылғыны өшіру мақсатымен Қуат түймешігін
басып, пернетақтадағы Esc пернесін басып ұстап тұрыңыз, одан кейін құрылғыны қосу үшін
Жүктеу мəзірі ашылғанша Esc пернесін басып тұрғанда Қуат түймешігін басыңыз.
HP өнімділігі жоғары қауіпсіз қатты дискілер
Бұл құрылғыда EIO ұясына не пішімдеу платасына немесе аталған екі жерге орнатылған болуы
мүмкін шифрланған қатты дискіге қолдау көрсетіледі. Қолдау көрсетілетін шифрланған қатты
диск құрылғыда орнатылып келеді. Шифрланған қатты дисктер аппараттық құралға негізделген
шифрлаумен қамтамасыз етеді, сондықтан құпия деректерді өнімнің жұмыс тиімділігіне ықпал
етпей, қауіпсіз етіп сақтауға болады. Шифрланған қатты дисктер соңғы Қосымша шифрлау
станд
артын (AE
S) пайдаланады жəне көп жақты уақыт үнемдеу мүмкіндігі мен мықты
функцияларды қамтиды.
Куəліктерді басқару
Құрылғының ішіне орнатылған өзі куəландыратын куəлік шифрлауды жəне LDAP сервері сияқты
құралдармен желілік байланыстар (пайдаланушы аты мен құпия сөздерді қамтитын байланыс)
үшін сенімділікті жеткілікті деңгейде қамтамасыз етеді. Алайда, кейбір желілер үшін сенімді
куəліктер талап етіледі. Бұл жағдайларда, желілік куəліктер орталығынан куəлікті орнату
сұралуы мүмкін.
Куəліктер басқарушысы кері шақырылған куəліктердің тізімін жүктеп алуға мүмкіндік береді.
Куəлікті жүктеу
1. Құрылғының ІР мекенжайын веб-шолғыш жолағына теріп, енгізілген веб-серверді ашыңыз.
2. Енгізілген веб-сервердің басты бетінде Security қойыншасын нұқып, Certificate
Management сілтемесін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Certificate Management беті қолжетімді болмаса, құрылғының ішіне
орнатылған бағдарламаны жаңартыңыз.
3. Жүктелетін куəлікті табу үшін Сертификатты орнату аймағында Шолу... параметрін
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Желі əкімшісі жасаған орыннан куəліктерді табыңыз. Егер таңдалатын куəлік
құпия сөз арқылы қорғалған болса, куəліктің құпия сөзін енгізіңіз.
4. Куəлікті импорттау үшін Импорттау түймешігін басыңыз. Куəлік жүктелгеннен кейін
куəліктер тізімінде пайда болады.
KKWW
Қауіпсіздік мүмкіндіктері
41










