HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

Қуат параметрлері
Құрылғының қуат параметрлерін енгізілген веб-сервер арқылы конфигурациялау үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Енгізілген веб-серверді іске қосыңыз.
2. General қойыншасын басып, Қуат параметрлері опциясын таңдаңыз.
3. Ұйқыны жоспарлау терезесін ашу үшін Күту кестесі ішінен Add параметрін таңдаңыз.
а. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы аптада жəне мерекелерде ұйқы уақытын
жоспарлаңыз.
ə. Ұйқыны жоспарлау əре
кетін сақт
ау үшін Apply түймешігін басыңыз.
4. Қуат параметрлері терезесіндегі Ұйқы таймерінің параметрлері аймағында Ұйқы
режимі/автоматты түрде өшіру параметрін таңдаңыз жəне сканерде Ұйқы режимін
қосқыңыз келетін минутпен белгіленетін жұмыс уақытын теріңіз, одан кейін Apply
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сонымен қатар, басқару тақтасының Басты экранында қуат параметрлерін де
реттеуге болады. Administration түймешігін, Жалпы параметрлер түймешігін жəне содан кейін
Қуат параметрлері түймешігін басыңыз.
Ішінде орнатылған бағдарламаны жаңарту
ЕСКЕРІМ: Бұл тапсырманы орындау үшін құрылғының жергілікті əкімшісінің құпия сөзін енгізу
қажет.
1. Басты экранда Administration түймешігін, Есептер түймешігін, одан кейін Configuration/
Status Pages түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Теңшелім беті құсбелгісін қойыңыз жəне ішінде орнатылған ағымдағы
бағдарламаның редакциялық нөмірі есепте көрсетіледі.
2. www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз, құрылғыңызды іздеңіз жəне ішінде орнатылған
бағдарламаның жаңа нұсқасы бар екенін тексеру үшін жүктеулерге сілтемені қараңыз.
3. Ішінде орнатылған жаңа бағдарлама файлын USB сақтау құралына көшіріңіз, одан кейін
USB құралын басқару тақтасының артқы жағындағы USB қосқышына қосыңыз.
ЕСКЕРТУ: USB сақтау құралы барлық жаңартулар орнатылып, құрылғы қайта жүктеліп,
сенсорлы экранда Басты экран көрсетілгенше, USB қосқышына қосылған болуы тиіс.
4. Басты экранда Құрылғыға техникалық қызмет көрсету түймешігін басып, одан кейін USB
микробағдарламасын жаңарту түймешігін түртіңіз.
5. Микробағдарламаны жаңарту бумасы опциясын түртіп, одан кейін Жаңарту түймешігін
басыңыз.
Жаңарту процесі бірнеше минут алуы мүмкін.
6. Құрылғыны қайта жүктеу сұралғанда, Yes түймешігін басыңыз.
KKWW
Қуат параметрлері
43