HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

Ішінде орнатылған бағдарлама жаңартылғаннан кейін, құрылғыны бастау 20 минутқа дейін
уақыт алуы мүмкін.
7. Қажет болса, екінші жаңартуды орнату үшін бұрынғы екі қадамды қайталаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, ішінде орнатылған бағдарламаны енгізілген веб-серверді пайдалану
арқылы жаңартуға болады. Енгізілген веб-серверді бастаңыз, General қойыншасын нұқып, сол
жақтағы шарлау аймағындағы Микробағдарламаны жаңарту (Обновление
микропрограммы) опциясын таңдаңыз, одан кейін ішінде орнатылған бағдарлама жаңартуын
құрылғыңызға тікелей жүктеу жөнінде экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғы деректерінің сақтық көшірмесін жасау
НР компаниясы жоспарланған сақтық көшірмелерді жүйелі түрде жасап тұруды ұсынады.
Құрылғыда сақталатын деректердің сақтық көшірмелерін жасау үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Енгізілген веб-серверді (EВС) бастаңыз.
2. General қойыншасын басып, Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру
опциясын таңдаңыз.
3. Сақтық көшірме жасау/ Қалпына келтіру ішінен Сақтық көшірмесін жасау опциясын
таңдаңыз жəне сақтық көшірме файлы сақталатын UNC қалтасына жолды жаз
ыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сақтық көшірме қалтасы шифрланған болса, шифрлау кодын
Жарамдылықты тексеру параметрлері опциясының Шифрлау коды өрісіне енгізіңіз.
4. Сақтық көшірме файлын жасау үшін, Жарамдылықты тексеру параметрлері
опциясының астына Windows домен атын, пайдаланушы атын мен құпия сөзін жазып, OK
түймешігін басыңыз.
Орындалу көрсеткіші сақтық көшірмені жасау процесінің күйін көрсетеді.
ЕСКЕРІМ: Сонымен қатар, басқару тақтасының Басты экранында деректердің сақтық
көшірмесін жасауға болады. Құрылғыға техникалық қызмет көрсету түймешігін, Сақтық көшірме
жасау/ Қалпына келтіру түймешігін жəне содан кейін Сақтық көшірме деректері түймешігін
басыңыз.
Құрылғы деректерін қалпына келтіру
Сақтық көшірмесін жасалған құрылғы деректерін қалпына келтіру үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Енгізілген веб-серверді (EВС) бастаңыз.
2. General қойыншасын басып, Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру
опциясын таңдаңыз.
44
Бап 4 БасқаруӨнімді басқару KKWW