HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
Құжат салу тəсілі
1. Қағаз бағыттауыштарын құжаттың ені бойынша реттеңіз. Қағаздың берілуін шектеуі мүмкін
бағыттауыштардың қатты қысылуын болдырмаңыз.
Чек сияқты кішкентай түпнұсқаларды сканерлеп жатқан кезде, қағаз бағыттауыштарының
түпнұсқа ұштарына нық сəйкестендірілуі əсіресе маңызды болып табылады.
2. Беттердің бірге жабыстырылмауын қамтамасыз ету үшін құжат беттері жабыспайтындай
желдетіңіз. Бір бағытта құжатты беру құрылғысына салынатын ұштарды желдетіңіз жəне
қарсы бағытта бірдей ұштарын желдетіңіз.
3. Буманың төменгі жағын үстелдің жоғарғы жағына соғу арқылы құжаттардың ұштарын
реттеңіз. Буманы 90 градусқа бұрып, əрекетті қайталаңыз.
KKWW
Құжатты автоматты беру құрылғысын (ADF) пайдалану
49










