HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

6
Құжаттарды сканерлеу жəне жіберу
Жүйеге кіру
Жаңа сканер мүмкіндіктері
Сканерленген файлды алдын ала қарау
Сканерленген құжатты бір немесе бірнеше электрондық пошта мекенжайларына жіберу
Сканерленген құжатты факспен жіберу
Желілік қалтаға немесе USB сақтау құралына сақтаңыз.
SharePoint веб-торабына сақтау
Құжатты Quick Sets пайдалану арқылы жіберу немесе сақтау
Жұмыс үрдісінің орнына сканерлеу
Жүйеге кіру
Əкімші реттеген кіру құқықтарына байланысты, құрылғыны пайдаланбас бұрын жəне құрылғы
мүмкіндіктерін пайдаланған кезде, жүйеге кіру қажет болуы мүмкін. Əкімші параметрді реттеген
кіру пайдаланушыға қолжетімді мүмкіндіктерді пайдалану құқығын шектеуі мүмкін.
1. Sign In түймешігін түртіңіз.
2. Талап етілетін өрістерді толтырыңыз, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Жаңа сканер мүмкіндіктері
Автоматты түрде туралау (автожылжымау): Бұл мүмкіндікті сканерлеу кезінде беттер
жылжытылғанда сканерленетін кескінді автоматты түрде туралау үшін пайдаланыңыз.
Автоматты сигнал
Қию опциялары: Бұл мүмкіндікті сканерленген файлды сандық түрде жіберу мақсатымен
автоматты түрде қию əдісін белгілеуге пайдаланыңыз.
Қиып алмау мүмкіндігі сканерленген файлды қиып алмайды.
Қағаз өлшеміне дейін қию мүмкіндігі құжатты автоматты беру құрылғысы кө
мегі
мен
сканерленіп тұрған құжаттың жиегін белгіленген түпнұсқалық құжат өлшеміне
байланысты қиып алады.
Мазмұн өлшеміне дейін қию мүмкіндігі кескінде анықталатын мазмұны бар ең кіші
тікбұрышты аймақты қиып алады.
Жиектерді өшіру: Қара жиектер немесе степлер белгілері сияқты таңбаларды жою үшін
сканерленген суреттің жиектерін белгіленген өлшемге дейін тазалау арқылы бұл
мүмкіндікті пайдаланыңыз.
KKWW
Жүйеге кіру
53