HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
Беттерді бұру
1. Кескінді алдын ала қарау терезесінде Көрініс түймешігін басыңыз.
2. Бұру керек беттерді түртіңіз. Бетті таңдау əрекетінің күшін жою үшін оны қайта басыңыз.
Көршілес беттерді таңдау үшін, керек топтағы бірінші мен соңғы беттерді түртіңіз.
3. Беттерді бұру түймешігін түртіңіз. Бетті басқан сайын, ол 90 градуста сағат тілімен
бағыттас бұ
рылады.
Беттер
ді жою
1. Кескінді алдын ала қарау терезесінде Көрініс түймешігін басыңыз.
2. Жою керек беттерді түртіңіз. Бетті таңдау əрекетінің күшін жою үшін оны қайта басыңыз.
3. Беттерді жою түймешігін түртіңіз.
Сканерленген құжатты бір немесе бірнеше
электрондық пошта мекенжайларына жіберу
Электрондық пошта мүмкіндігі мына опцияларды қамтамасыз етеді:
●
Құжаттарды уақыт үнемдеу жəне жеткізу шығындарын азайту арқылы бірнеше
электрондық пошта мекенжайларына жібереді.
●
Ақ-қара немесе түрлі түсті файлдарды жеткізеді. Файлдарды алушы жұмыс істей алатын
түрлі файл пішімдерінде жіберуге болады.
Электрондық пошта мүмкіндігін пайдалану үшін, құрылғы Интернетке кіруді қамтитын жарамды
SMTP жергілікті желісіне қосылған болуы қажет.
Мекенжайлық кітапты пайдалану
Мекенжайлық кітапты пайдалана отырып, алушылар тізіміне электрондық пошта жіберуге
болады. Мекенжайлар тізімдерінің параметрлерін конфигурациялау туралы ақпаратты алу үшін
желі əкімшісімен хабарласыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, енгізілген веб-серверді (EWS) мекенжайлық кітапты жасау жəне басқару
үшін пайдалануға болады. EWS мекенжайлық кітабын бөлек мекенжайларды немесе тарату
тізімдерін қосу, өңдеу не жою үшін пайдалануға болады
Алушылар тізімін жасау
1. Басты экрандағы E-mail түймешігін түртіңіз.
2. To: өрісін түртіп, алушылардың электрондық пошта мекенжайларын теріңіз.
Мекенжайларды бір-бірінен нүктелі үтір көмегімен немесе пернетақтада enter пернесін басу
арқылы бөлектеңіз.
КЕҢЕС: Сонымен қатар, электрондық пошта мекенжайларын енгізу үшін мекенжайлық
кітапты пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты кірістірілген анықтамадан қараңыз.
56
Бап 6 Құжаттарды сканерлеу жəне жіберу KKWW










